Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақмола облысында косметикалық өнім шығаратын тұңғыш зауыт іске қосылды

Тың жобаны Германия мен Қазақстан ғалымдары бірігіп жүзеге асырған. Мұнда енді неміс технологиясы бойынша шамамен 15 түрлі косметикалық өнім өндіріле бастайды. Кәсіпорын жылына 1 млн 300 мың ампула және 200 мың құты тері күтіміне арналған түрлі жақпамайлар шығара алады. Әзірге өндірісте 15 маман жұмыс істейді. Ал отандық өнімді тұтынушылар шамамен бір жарым айдан соң жергілікті дәріханалардан сатып ала алады.

Өндіріс бір жолға қойылған соң, кәсіпорын косметикалық препараттарды көрші Ресейге де экспорттауды жоспарлап отыр.

Жәнібек Кенжебаев, кәсіпорын директоры:

-Біздің жоспарымыз бойынша 2 айдың ішінде біз 2 қатар өнім шығарамыз. Біріншісінде – 11, екіншісінде 5-6 өнім шығармақшымыз. Одан кейін әр 3 ай сайын, мүмкін жарты жыл сайын, жаңа линейка, жаңа өнім шығаруды жоспарлап отырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз