Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ақмола облысында қыз зорлады деп айыпталған депутат ақталып шықты

Оқиға осыдан екі жарым жыл бұрын болған. Ол кезде есепші қыз серіктестікке тиесілі Каменка ауылындағы мына ғимаратта жалғыз тұрыпты. Бас директор түн ішінде ақша керектігін сылтауратып келіп, тап берді дейді Наталья Буланова.

Наталья айтқанын дәлелдеу үшін арнайы сараптама жасатқан. Кейін жергілікті тергеушілерге де сенбей, сотты Сандықтауда емес, Зерендіде өткіздірген болатын. Тек депутаттың кінәсі мұнда да дәлелденген жоқ.

Сот Джейранов Алексей Ивановичті ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 1 тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

Ақталып шыққан Джейрановтың өзі бұл шағымданушылардың артында үлкен мүдделі топ тұр деген сенімде.

«Әділдік жеңді. Бұл топ екі жарым жылдан бері мені бопсалап жүр. Олармен қылмыстық топтың байланысы бар. Мұны мен білемін», – дейді Сандықтау аудандық Мәслихатының депутаты Алексей Джейранов.

Ал Наталья депутатты сүттен ақ, судан таза қылып шығарған сотқа наразы.

«Кеше кінәлі, бүгін кінәсіз бола ма? Олар неге бұлай істейді? Джейрановтың ақшасы көп. Құқық қорғау органдарының бәрі соған сатылды. Мен ары қарай шағымданамын. Президентке дейін жетем. Одан бәрі қорқады. Полицейлер оны «папа» дейді», – дейді шағымданушы Наталья Буланова.

Екі тарап та бұнымен іс біткен жоқ деп отыр. Жәбірленуші әділдік іздейтінін, ал депутат өмір бойы қасықтап жинаған беделіме дақ түсірді деп, Буланованың өзін сотқа сүйремекші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз