Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақмола облысында депоны тексеруге келген тексеруші мен депоның екі қызметкері қаза болды

Жұртты елең еткізген қайғылы жағдай Бурабай курортты аймағындағы Щучье көлінде болған.  40 және 57 жастағы 2 ревизор Бурабайдағы теміржол депосын қаржы жағынан тексеру үшін осыдан бір ай бұрын келіпті.

Іссапарда жүрген оларға көңілді демалыс ұйымдастыру үшін депоның өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы Ардақ Жолданов 2 қызметкерімен демалыс орнынан шатыр алып, оны көл бетіне тігіп, балық аулауға апарған.  Ревизорлар әрі қармақ салып, әрі балық сорпасын ішіп рахаттансын деді ме, шатырға газ қондырғысын әкеліп орнатыпты. Қазанда сорпа әзірлеп жүргендерінде, ауаны газ жайлаған. 2 ревизор мен ұйымдастырушы үшеуі соның иісінен ұйықтап кетіпті. Қарағандылық ревизорлардың бірі есеңгіреп отырып оянып, қасындағыларды түрткілесе, үшеуі жан тапсырған болып шығады.

«Щучье көліндегі шатырдан 3 балықшының өлі денесі табылды. Болжам бойынша, үшеуі де газға тұншыққан. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Локомотив депосының қызметкерлері сол күні түнгі кезекшіліктен шыққан. Соған қарамастан, тексерушілерге құрмет көрсету керек болған сияқты. Өзі аман қалып, марқұмдарды құтқаруға ұмтылған ревизор Ерлан Әбдіқаловтың айтуынша, шатырдың желдеткіші жабық болғанын ешкім аңғармапты. Жедел жәрдем шақырған да осы кісі екен. Қазір депо қызметкері екеуі ауруханада жатыр.

«Бір  науқас ауыр реанимация бөлімшесіне түсті.Біреуі терапия бөлімшесіне. Қазіргі уақытта 2 науқастың жағдайы қалыпты»,- деді Бурабай аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Әділет Жолмырзаев.

Әзірге, шатырда мерт болған 1 ревизор мен 2 депо қызметкері газдан уланды деген болжам айтылып отыр.Үшеуінің де артында бала-шағасы қалды. Оларды ертең жер қойнына тапсырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз