Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақбота Сейітмағамбет енесі жайлы шындықты жайып салды

Ақботаның айтуынша, екі жақта да немерелері болғандықтан, енесі қос келінге бірдей қарайды екен.

«Енем екі келінді бөліп жармайды. Не де болса, ол да Дәуреннің жұбайы болды. Сондықтан көңілімізді де қалдырғысы келмейді. Мұнда сыйлық болса, онда да сыйлық. Біз түсінеміз негізі. Бұрынғы отбасы болғандықтан, ол жақта да сәбилер бар», – дейді Ақбота.

Жас ананың сөзінше, Дәурен Айдарқұлов алғашқы некеден туған балаларына мән-жайды өзі түсіндіріпті. Желідегі у-шу әлі тыныштала қоймағандықтан, балаларына Instagram желісінде отырудан бірнеше уақытқа шектеу жасапты.

«Балалар әлі кішкентай болғандықтан, оларға айтты, түсіндірді. Алдағы уақытта бірге демалып, бірге қыдырамыз деген ойда бар. У-шу енді тынышталды. Оларды да Instagram желісінен тыя тұрды. Неше түрлі жағдайлар болған соң, аналары да түсінеді деген ойдамын», – дейді Дәуреннің келіншегі.

Ал, Ақбота “Дәурен үш баласын тастап кетті” дегендерге тағы да бір рет ескерте айтты.

“Дәурен балаларынан қол үзбейді. Қолы қалт етсе балаларына барып тұрады. Жалпы бұрынғы отбасына барған кезде алғашқыда қызғанатынмын, жасырмаймын. Ал қазір жоқ. Несіне қызғанамын? Балаларынан мүлдем қызғанбаймын, себебі өзіміздің де сәбиіміз өсіп келеді. Жалпы балалардың бірге өскенін қалар едім, егер олардың аналары қарсы болмаса. Жолдасым да соны қалап отыр”, – дейді Ақбота ағынан жарылып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз