Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақбота Керімбекова альфонстар жайлы: «Дайын ақша, дайын дүниеге құмар»

269

Егер бұрын қыздар бай «ағаларды» іздесе, қазір жігіттер де бай «тәтелерден» кетәрі емес. Неге жоқ? Қала орталығындағы пәтер, жаңа көлік, қымбат сағаттар мен брендтік бутиктерден киімдер — кез келген жігіттің басын бір сәтте айналдыруы мүмкін.

Ақбота Керімбекова мұндай жігіттерді сыйламайтынын және бұл олардың әлсіздігінің белгісі деп біледі.

«Шынайы болуға қорықпаймын» — Ақбота Керімбекова тұңғыш рет бояусыз түрін көрсетті

«Қазіргі жастар ұсақталып кетті. Көзқарастары. Бұның бәріне ғаламтор желісі кінәлі ме деп ойлаймын. Намыс жоғалып барады. Еркектеріміз қазір әлсіз. Дайын ақша, дайын дүниеге құмар жастарымыз бар. Алладан сабыр тілеймін. Не дегенмен, олар өзгеріп көте қоймайды ғой, өкінішке қарай», – деді ол «Ел аузында» бағдарламасында.

Айта кетейік, Ақбота Керімбекова үш ұл тәрбиелеп отыр. Әнші екі рет ресми ажырасқан. 2017 жылы ол қайтадан тұрмысқа шығып, отбасын құруға талпынған, алайда Рауан Дәулетовпен некесі бір жылға ғана созылған.

Барлық қиындықтарға қарамастан, әртіс шығармашылықпен айналысады, қайырымдылық акцияларға қатысады, әріптестеріне көмектеседі, анасына қамқорлық жасап, балаларын тәрбиелеумен айналысады. Мықты рухын есепке ала отырып, Ақботаны жұрт «белдемшедегі еркек» деп атайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз