Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әкесі – Болат Назарбаев! Айдай сұлу Альбина шетелге кетпек

1564

Топ мүшелері отбасылары жайында айтпайды. Алайда соған қарамастан көпшілік Альбинаны Болат Назарбаевтың қызы ретінде таниды.

Альбина желідегі парақшасында өзін Болатқызы деп жазып қойған.

Бұдан өзге, Альбинаны Болат Назарбаевтың отбасылық суреттерінен көруге болады.

Тағы бір атап өтетін жайт, көзі қарақты көрермен BN тобының атауын Болат Назарбаевтың есімімен байланыстырады.

Айтпақшы топтың тарауына небәрі 16 жастағы Альбинаның шетелге оқуға кетуі себеп болып отыр. Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

«Құдай қаласа, жазда немесе күзге қарай мен Малайзияға оқуға кетемін. Мамандығымды ауыстырып, дизайнер боламын. Жауап күтіп отырмыз. Оқуға қабылданған-қабылданбағаным белгілі болған кезде, тағы да нақтырақ айтатын боламын», – дейді ол.

Альбина оқу іздеп шетел асып кеткенде топтың тағы бір мүшесі Әлішер танымал сазгер болатынын айтады.

«Құдай қаласа, композиторлықпен айналысып, жақсы-жақсы әндер шығарамын деген ойдамын. Ал Альбина қайтадан келгеннен кейін қайта топ құрып, биік деңгейге жетеміз деген ойдамыз», – дейді ол.

Ал Айдын қарындасы мен бауырын түсінбей дал. Айтуынша, Альбинаның оқуы нақты белгісіз болғандықтан, топтың тарауы да нақты шешілмеген.

«Бұл екеуі неге бірден шешім шығарып жатқандарын білмеймін. Біз әлі ақылдасқан жоқпыз. Альбинаның оқуының рұқсат қағазы әлі келген жоқ. Әлішер композитор боп кетем деп жатыр. Оның бәрі әлі шешілмеген процесс. Тараймыз деген нақты шешім емес.

Оқимын деп тұрса, оны продюсерімізбен бірге отырып, ақылдасуымыз керек. Ең басында ойлану керек еді. Топ боп құрылғанда соңына дейін жүреміз деген едік. Сол кезде ойлау керек еді, сабақ оқимын ба әлде ән айтамын ба деп… Сабақпен бірге алып жүруге болады. Бірақ шетелге кетіп қалмау керек. Адам деген өзіне сенімді болып, әрі қарай өнерін жалғастырып, сабақпен бірге алып, бірақ Алматыда оқуы керек. Келіспеймін, әлі рұқсат қағазы келмеді. Келсе де, Альбинаны Алматыда қалдыруға тырысамыз», – дейді Айдын.

Алайда Альбина шетелде оқу анасының қалауы екенін айтып, не істерін білмей отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз