Мәскеу тұрғыны абайсызда 11 жасар ұлының аяғынан атып жіберген, дейді ҚазАқпарат.
Қаланың ТК БТБ баспасөз қызметі хабарлағандай, баланы шұғыл ауруханаға жеткізген.
Оқиға астананың солтүстік-батысында болған.
Ер адам енді ғана сатып алған тапаншасын сылап-сипап отырған.
Қару өздігінен атылып, оқ баланың сол жамбасына тиген. Баланы травматологиялық стационарға жатқызды.