Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

„Әкесі әкел депті„. Алматы полициясы балаларға ішімдік сату фактілерін анықтады

111

Мұндай оқиғалар анықталған жағдайда, аудандық бөлімшелердің ювенальды полиция инспекторларымен заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатын болады.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқандарға ҚР ӘҚтК-тің 133-бабына сәйкес, 20-дан 80 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған, ал 21-жасқа дейінгі адамға алкогольік ішімдік сатқаны үшін ҚР ӘҚтК-тің 200-бабы негізінде 10-нан 120 АЕК дейін айыппұл көлемінде әкімшілік жаза қолданылады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Жергілікті полиция қызметі ювенальды полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Өткен түнде Алматы қаласының Бостандық ауданында полицейлер 21 жастан кіші тұлғаға алкогольді ішімдік сатудың екі дерегін анықтады.

«Бірінші жағдайда дүкен сатушылары тәртіп сақшыларымен ауызекі жанжалмен жауапкершіліктен құтылмақ болғанымен, олардың онысы бос әурешілік болды.

Ал екінші жағдайда, дүңгіршек сөресінің ар жағында тұрған әйел заңды білмегенін желеуретіп, аталмыш құқықбұзушылығын кешіруді жылап тұрып өтінді. Алайда заңды білмеу оны жауапкершіліктен босатпайтыны белгілі.

Айта кетейін, бұл күндері Алматы қаласының аумағында ІІД қызметтері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ювенальды полиция бөлімшелері күшейтілген тәртіппен жұмыс атқаруда»,- деп өз сөзін қорытындылады полковник Әліпбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз