Асхат Садырбай мен Ерке Есмахан ажырасқалы бері олардың ұлдары нағашыларының тәрбиесінде. Кішкентай Мүслім Еркенің ата-анасымен бірге Ақтөбеде тұрады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ал Ерке бұған дейін Мүслімді бұрынғы қайын жұртына мүлдем апармайтынын айтқан еді. Дегенмен баланың көңілі үшін қос тарап келісімге келген көрінеді.
Асхат Садырбай желідегі парақшасына ұлының суретін жүктеп, онымен жүздескенін көрсетті.
Елдің талқысынан қашса керек, тележүргізуші аталған суретке пікір қалдыруды шектеп қойыпты.