Атышулы Баян Есентаеваның ерке қызы Айсәуле Бақытбек кезекті рет сынға қалды.
Бұдан бұрын ол инста парақшасына “жасанды шаш жалғап беретін маман іздеймін” деп желідегілерден көмек сұраған-тұғын. Онымен қоймай парақшасына көк түсті шашпен түскен суретін жүктеп қойған. Айсәуленің әр адымын аңдап отыратындар Баянның қызын жерден алып, жерге салған. Алайда олардың ашуына тигені шаш емес емес еді.
Көпшілік шаштан бұрын көйлекке қаны қайнаған. Айсәуленің төсі көрініп қалғанын айтып “әй, сенде ұят бар ма?” деген екен.
Ашық-шашық киінген Баянның қызына айтылып жатқан сын әлі де саябырлаған жоқ. “Әкең болса түрмеде отыр. Іш киіммен тек жеңіл жүрісті қыздар ғана түседі. Соны білесің бе?”, “Омырауыңды жап!”, “Қазақтың қыздарына не болған?! Масқара, айтар сөзім жоқ”, “Іш киіммен суретке түсіп, оны жариялағанған ұялмадың ба? Енді шешініп түсуің қалды”, – деп жатыр ашынған әлеуметтік желідегі қауым.
https://kaz.365info.kz/k-kiregin-zhauyp-t-sse-adam-bolatyn-edi-zhelidegi-zh-rt-bayanny-yzyn-synap-tastady-247704