Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Әкеме тіл тигізді”: Мұқасан Шахзадаев “Нұр-Мұқасан” тобының неге тарап кеткенін айтты (видео)

940

Мұқасан Шахзадаев Нұрлан екеуінің қарым-қатынасы туралы тараған қауесеттерге жауап беріп, кикілжіңге не себеп болғанын түсіндірген.

“Шын айтқанда, Нұрлан екеуміздің арамызда ақшаға қатысты бір әңгіме болған. Бірақ, мен оның бәріне көзімді жұмғанмын. Мәселе ақшаның сомасында емес. Ең бастысы – көңіл. Жүректе дақ бар. Оның менің әкеме тіл тигізген сөздері, өзіме тіл тигізген сөздері бар. Мен сол сөзге бола шын мәнінде қатты ренжідім. Бірақ оған ақша, дүниенің еш қатысы жоқ”, – дейді Мұқасан Шахзадаев.

Сонымен қатар әншінің айтуынша, таныстығына 30 жылға жуық уақыт болған топтың қайта қосылуына өнердегі біраз адам әрекет еткен.

“Менің айтып қосарым жоқ. Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Бір Алла біледі. Нұрланды да қатты кінәламаймын. Сенгіш халықпыз ғой. Бәлкім тіл, көз тиген болар, арамызда от салушылар болған шығар. Бұл өмір. Өмір болған соң, жақсысын да, жаманын да көреміз. Қазіргі кезде, өтірік айтпай-ақ қояйын, мүлдем араласпаймыз. Тек көріп қалсақ, сәлеміміз түзу” , – деді Мұқасан Шахзадаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз