ТНТ арнасындағы “Песни” шоу бағдарламасына қатысып жатқан Назима туысқандарымен хабарласып,сөйлескеннен кейін көз жасын тыя алмады.
Қызының даусын естіген ол жылап жіберді.
Әнші сөйлесіп болған соң, әрбір ана сияқты ол да қызын сағынғанын ,оның даусын естігісі келгенін айтып қалды. Назима Жәнібекова өз үшін дауыс беріп жатқан жанкүйерлеріне, бағдарламаның ұйымдастырушы продюсерлеріне туысқандарымен сөйлесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
https://kaz.365info.kz/pajdalanyp-lakhtyra-salady-zheli-kholdanushysy-timati-men-khazakh-khyzyna-khatysty-shyndykhty-ajtty-315296
Белгілі болғандай, қазіргі кезде Назиманың отбасы қиын кезеңдерді басынан кешіріп жатқан болып шықты. Әкесі жол-көлік апатынан кейін қатты сырқаттанып қалған.
“Мен егер осы байқауда жеңіп шықсам, 5 миллион теңгені әкемнің айығып кетуіне жұмсаймын”, деді.
Айта кетейік, Назима Тиматимен бірге дуэт орындайтынын айтқан болатын.
https://kaz.365info.kz/baha-senin-khyzyn-she-bakhytbek-esentaevtyn-kharyndasy-ajsaule-zhajly-ne-dep-zhyr-316434
“Тимитимен ән жаздырамын деп ешқашан ойламағанмын. Ал сіздер онымен ән орындағандарыңызды елестете аласыздар ма?”, – деп мақтанды Жәнібекова.
Қазақстандық арудың өнерін Тиматидің өзі жоғары бағаға лайықты деп таныған болатын.