Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Әкем қайтыс болған. Үйде әпкем, қарындасым мен інім қалды”. Еркебұлан Сейдахмет сырын айтты

332

– «Уфадан» ұсыныс қалай түсті?

– Агентім хабарласып, Ресей Премьер-лигасының «Уфа» клубы маған қызығушылық танытқанын айтты. Ол клубта Ресейдің үздік менеджері Шамиль Газизов пен атақты Сергей Семак бастаған бапкерлер штабы жұмыс істейді деді. Мен бірден келістім, өйткені бұл мен сияқты жас футболшы үшін үлкен ойыншыға айналудың мүмкіндігі. «Уфадан» украиналық жас ойыншы Александр Зинченконың «Манчестер Ситиге» ауысқанын бәріміз білеміз. Мен де сөйткім келеді. Сол себепті ойланбай келістім.

Команда сені қалай қарсы алды? Кімдермен достасып үлгердің?

Өте жақсы қарсы алды. Бәрімен оңай тіл табыстым. Әсіресе бапкерлердің маған сенім артатыны қуантады. Жігіттердің арасынан маған Сафа мен Аза (Николай Сафрониди мен Азамат Засеев — ред.) көп көмектеседі. Саша Беленов футбол туралы көп әңгіме айтып берді. Бір бөлмеде дубльдің қақпашысы Глеб Ефимовпен бірге тұрдық, ол да маған Уфа қаласы туралы көп ақпарат берді.

– «Уфа» сапында соққан алғашқы голың туралы айтып берші

Бұл бақылау ойыны болатын. Кипрдің «Алки» деген командасына доп соқтым. Олар енді тым әлсіз қарсылас болып шықты. Ойын соңына дейін қорғанумен болды. Сафрониди пас шығарды, маған тек допқа қорғаушыдан бұрын жетіп, қақпаға дәл бағыттау ғана қалды. Әрине, сол ойын алдында мен үлкен толқыныста болдым, бірақ ойын басталған бәрі қалпына келді.

– Уфадағы «Нефтяник» стадионы қалай екен?

Стадион мықты екен. Киім ауыстыратын бөлмесін көрдім. Бәрі тамаша. Бәрі де футболшылар үшін жайлы жасалған. Ал алаңындағы жасанды төсенішке келсек, мен одан қорықпаймын. Өйткені мен Қазақстанда да, Гранаткин Мемориалында да синтетика алаңда ойнадым. Оған да үйреніп кетермін.

– «Уфадағы» формаңда нешінші нөмірді таңдадың?

Әлі нақты шешімге келмедім. Маған негізі бәрібір, қандай нөмір болса да. Ең бастысы алаңға шығып, жеңіске жету емес пе.

– Сергей Семак сенің қабілеттерің мен кемшіліктеріңді байқап үлгерген шығар?

Әрине. Ол маған үнемі ақыл-кеңесін беріп отырады. Мұндай маманмен бірге жұмыс істеудің өзі мен үшін үлкен тәжірибе.

Сені «қазақтың Мессиі» дейді. Оған қалай қарайсың?

(Бір күліп алды). Солай дейді, иә. Бірақ Мессидің аты — Месси ғой. Маған әлі қайда оған?! Ол үшін әлі аянбай тер төгіп, көп жұмыс істеуім керек!

– «Тараз» сені қалай шығарып салды?

Қазақстанды мені шығарып салуға туған-туыстарым, достарым, бірге ойнайтын балалардың бәрі жиналды. Бар жақсы тілектерін айтып жатты. Сағынып жүрмін бәрін.

Үйде анам, 21 жастағы әпкем, 14 жастағы қаныдасым мен 9 жастағы інім қалды. Олар мектепте оқиды. Айтпақшы, қарындасым бимен айналысады. Тіпті жуырда Парижде өткен бір байқаудың Гран-приін ұтып алыпты.

Сонда қазір үй-ішіңді асырап отырған жалғыз сенсің ба?

Иә, солай болып тұр. Әкем төрт жыл бұрын дүние салды. Автокөлік апатынан қазақ тапты. Әкемнің тірісінде шешем балабақшада жұмыс істейтін. Қазір үйде отыр, інім мен қарындасыма қарайды.

Сен футболға қалай келдің?

Жеті жасымда аулада балалармен доп қуалайтынбыз. Көрші кісі менің жылдамдығымды байқап қалып, футбол секциясына жетектеп келді. Содан бері мен футболшымын.

– Футболдағы кумирің кім?

Европаны алсақ, мен үшін ең бірінші орында қазір «Боруссияда» ойнайтын неміс ойыншысы Марко Ройс. Ал Қазақстанда – менің ағам, «Қайраттағы» Бауыржан Исламхан.

4 наурызда «Уфа» өз алаңында мәскеулік «Динамоны» қабылдайды. Қазақстаннан неше жанкүйер келеді деп ойлайсың?

Меніңше, 300-400 адам анық келетін сияқты. Бұл өзіме де қызық. Қазақстан мен Уфаның арасы соншалықты алыс та емес. Менің Қазақстанымның халқы өте бауырымшыл, өз жерлестері үшін қолдауын аямайды. Сондықтан Уфаға менің отанымнан көп адам келеді деп күте берулеріңізге болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз