Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Әке, тойға шықпашы”. Қайрат Нұртастың әкесі де ән салғысы келеді

«Сиви қарындасым мен Ренаттың «Соқыр махаббатына», оның алдында Қайраттың «Өкінішіне» түстім. Жалпы мен отбасымда тоғызыншы, кенже баламын. Ағаларымның бәрі Алматыдағы консерваторияны бітірген. Мен үйде ең соңғы баламын, ата-анам тек маған ғана рұқсат бермеді. Сондықтан мен бұл жолды мамандық ретінде таңдаған жоқпын. Ал жалпы отбасымызда өнер барлығында бар», – дейді Қайраттың әкесі.

Гүлзира Айдарбекова күйеуін танымал әнші еткісі келетінін айтқан еді. Бұған Нұртас Айдарбековтің өзі не дер екен?

«Маған Гүлзира ешқандай продюсерлік жасамайды. Айтсам, өзім анда-санда әнімді айта жүрермін. Біз жалпы бір отбасымыз ғой, продюсерлік деген жоқ», – деп түсіндірді Нұртас Айдарбеков.

Феномен әншінің әкесі тойға да шығып тұратынын жасырмады. Әкесінің тойда ән салатынын Қайрат ұнатпайтындақтан, ол ұсыныстардың көпшілігінен бас тартатындығын айтты. Нұртас Айдарбеков тойдан ұлынан қарағанда үш есе аз табыс табатынын ашып салды.

«Тойға барамын, бірақ көбінесе өзім тартыншақтап, бас тартуға тырысамын. Өйткені Қайрат та ыңғайсызданып жатады кейде. Ал енді қалай да келуіңіз керек деген жерлерге барамын. Мәселе ақшаға тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Бірақ бойыңда кішкене өнер жатқаннан кейін, соны шығарғың келіп тұра ма? Қарап отырсаңыз, қартайып қалған да ештеңем жоқ сияқты. Дегенмен біздің қазақы менталитетке бір жағы келмейтін сияқты ма? Енді білмеймін, ештеңе айта алмаймын», – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.

Бәтес Ерболат

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз