Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Әке, мұның не?..”. “Қалаулымға” жар іздеп барған еркектің масқарасы шықты

124

Бағдарламаның Индира есімді кезекті кейіпкеріне жүрегін ұсынып, жақын танысуды мақсат етіп келген ер адамның ұлы тікелей эфирде хабарласты. Ол бағдарлама кезінде әкесіне өкпе-назын айтты.

“Әкеміздің “Қалаулымнан” жар іздеп жүргенін көрдік. Бұл бізге оңай тиген жоқ. Мені, анамды ойламаса да, бес қызын, кәмелетке толмаған екі қызын ойламады ма? Кіші қарындасым тіпті өзіне қол салмақ болыпты. Ел алдына шығып, әйел іздеп жүрген жақсы болды ма?”, деп сұрады ұлы тікелей эфир кезінде.

 

https://kaz.365info.kz/khalaulym-bagdarlamasynyn-otirigi-shykhty-asha-mataj-endi-ne-ister-eken-video-287627

Алайда әкесі ұлы мен отбасына деген өз ренішін айтты.

“Менің шеберханада жатқаныма 7 жыл болды. Мені ойладыңдар ма сол кезде? Не таңғы не түскі тамаққа шақыруды білмейтін едіңдер, өздеріңнің қарындарың тоқ болса болды. Мені ойладыңдар ма? Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без деген. Тұтқаны қой, тағы бірдеңе айтып бүлдіресің”, – деді әкесі.

“Ондай жағдайға өзің жеткіздің” деген ұлы сөз соңында әкесіне бақыт тілеп қоштасты.

 

https://kaz.365info.kz/auzyna-khakhpakh-bola-almajsyn-khalaulym-bagdarlamasyna-ashanyn-ata-enesi-khandaj-kozkharasta-291661

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз