Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Айыппұлдар мен тексерулерге келгенде мұқият болу керек — Сарым

А. Сарым. Сурет: radiotochka.kz

«Бүгінгі таңда коронавирус дағдарысы белең алды, қоғам, азаматтардың өздері оның қауіп-қатерін сезіне бастады, —

деп атап өтті сарапшы. —

Шілде айында жағдай насырға шапқандай көрініп, спорт ареналарында жаңа төсек орындары құрыла бастап, далалық ауруханалар салынса, кейінен жеңі нұсқадағы жаңа карантин енгізілді. Бүгінгі таңда жағдай тұрақтана бастады, науқастар мен қайтыс болғандар саны тұрақты және айтарлықтай төмендеп келеді. Ауруханалардың толуы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханалар мен клиникалардың кадрмен қамтамасыз етілуі және т.б. жағдайды реттей алдық.

Егер Ұлы Отан соғысымен салыстырып  айтатын болсақ, онда 1942 жылдың соңы мен 1943 жылдың басталуын еске түсіруге болады. Ол кезде бүкіл апат, төтенше жағдайды қоса алғанда, «көрінбейтін жауды» ұруды үйрендік. Бірақ түпкілікті жеңіс және стратегиялық сенімділік пен айқындықтың ауылы алыс еді.

экзистенциалды «Сталинградты» аман сақтап қалдық деуге болады

Бүгін, әлбетте, алдағы уақытта қалай болатынын болжау мүмкін емес. Өкпе және басқа да маусымдық аурулардың дәстүрлі өсу маусымы келгенде, күзде және қыста не болатынын ешкім алдын ала біле алмайды.

Билік, шамасы, ащы тәжірибедан сабақ алып, «ең нашар жағдайға дайын болу керек» дейді.  Бұл менмендік пен тақиясын аспанға лақтырып, мерзімінен бұрын қуанғанға қарағанда әлдеқайда жақсы

Барлығы коронавирустың мәңгі екенін және қалай болғанда да түбі бір рет ауыратынын түсінген секілді… Ал, бүгін қолдан келгенше құтқаруға, көмек көрсетуге тырысу керек.

Коронавирустың кесірінен жұмысы тоқтаған шағын және орта бизнесті, барлық технологиялық, логистикалық және бизнес тізбектерді қайта іске қосу маңызды

Бұл жағдайда бизнес жаңа коронавирусқа байланысты маска режимін қамтитын жаңа норма, антисептиктерге шығындар, персонал мен клиенттердің қауіпсіздігіне байланысты басқа да санитарлық талаптар жағдайында жұмыс істейтіні түсінікті.

Бірінші қатаң және екінші карантиннен сабақ алуымыз керек.

Ең бастысы, әр адамды физикалық және психологиялық тұрғыдан қиындыққа ұшыратқан  карантинді  алаяқтардың өз мақсатына пайдаланбауы маңызды

Барлық негізгі және маңызды түйіндердің барлығын қоғамдық және парламенттік бақылауға алған жөн,

біздің азаматтар мен бизнестің өмірін қиындатудан гөрі, бірнеше комиссия құрып, шенеуніктердің өмірін қиындатқан дұрыс

Онсыз да адамдар көп нәрсені жоғалтып, құр қалып отыр, сондықтан

мемлекет, билік жаңа ауыртпалық салып, ашуландыру пен үмітсіздіктің көзі болмауы керек

Мемлекет барынша дұрыс, ашық және айқын болуы тиіс.

Айыппұлдар мен тексерулерге келгенде өте мұқият және абай болу керек,

«тойлар мен фестивальдер» сияқты өрескел бұзушылықтар жоқ жерде шенеуніктер әр бизнес субъектісіне мүмкіндігінше адами, түсіністікпен қарауы керек.

Гиперреализм уақыты келеді, ол жағдайды байсалды және адал бағалауды,

саясат саласында жаңа қоғамдық шарт және халықты қуатты әлеуметтік оңалту жөніндегі қадамдар алдын ала жасалуы тиіс экономикалық жаңғыртудың жаңа моделін жасауды талап етеді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз