Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Айтыста неге ақиқатты айтуға болмайды?

167

Мәселен, алғашқы күні алғашқы жұп боп айтысқан Ершат Қайболдин мен Сырым Әділбектің айтысында қоғамдағы толғақты мәселелердің біразы қамтылды. Ақындар әсіресе, осыдан 7 ай бұрынғы жерге қатысты бейбіт шерулер және сол шеруге қатысып, қазақ жерін сатуға қарсы болған әрі осы шеруді ұйымдастырды делінген Макс Боқаев пен Талғат Аянға үкім оқылып, 5 жылдан бас бостандығынан айрылғаны туралы ашына айтты.

0239f6850e6aa2bc747aa3154949ea77

Жүрсін Ерман

Зал қызу қолдады. Бірақ, айтыстан кейін бас «дирижер» Жүрсін Ерман жер мәселесінің шешілгенін, енді бес жылсыз оның қайта қозғалмайтынын және оны қайта қоздырып көрерменнің қолтығына су бүрікпеу қажеттігін айтып, мұндай тақырыптарға айтыста орын жоқ екендігін ескертіп өтті.

Сондай-ақ, алғашқы жұп ақындардың ұпайы да біз күткендей болмады. Оның есесіне, тақпақ айтып, ежіктеп отырған ақындар кілең он деген бағаға ие болды.

Дала демократиясының символы саналған айтыста қоғамдағы келеңсіздіктер сыналмай қалған жоқ.

Мәселен, айтыстың “кәрі тарланы” атанған

Айбек Қалиев депутаттардың жағымпаздығын тілге тиек ете отырып, Астанаға Елбасының атын беруді ұсынған «халық қалаулыларын» түйреп өтті.

Ақындардың сөзіне арқау болған бір мәселе – үштілді білім беру және «әліппесіз» қалған оқушылардың «сауат ашуының» тым күрделеніп бара жатқаны, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын Үкіметтің елемеуі, ЭКСПО ғимаратының құлап қалуы, т.т.

Алғашқы күнгі айтыстың шоқтығы ретінде Рүстем Қайыртай мен Өміржан Көпбосыновтың айтысына арнайы тоқталып кетуге болады. Тіпті, Өміржан Көпбосынов бұл айтыстың жаңалығы болды десек артық айтқандық болмас. Ауылда жылқышымын деген Өміржан елдегі шенеуніктердің браконьерлігін бетіне баса отырып, «түздің қорқауларынан, адам қорқауы қиын болып тұр» деп жұрттың көкейіндегі уайымды дөп басты.

Айтыстың екінші күні жұрт көзіне ерекше түскен ақындардың бірі Болатбек Оразбаев болды. Залдағы көрерменнің басым көпшілігі – бас бәйгені Болатбек қанжығасына байлайды деп күтті. Бірақ, неге екенін қайдам, қазылар «Алтын домбыра» қызылордалық Мұхтар Ниязовқа лайық деп таныды. Халық бұған қатты наразылық танытып, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің де сөзін құлақтарына ілмеді. Ақыры,

бұл шешіммен келіспейтінін білдірген халық залды тастап, шығып кетті. Ал Жүрсін Ерман бұл төрелікке өзінің еш қатысы жоқ екенін айтып, басын алып қашты.

Айтыста ақиқат айтылмайтын болғанына көзіміз әбден жетті. Журналистердің тілін буған цензура сахнаға да жетіпті.

Дала демократиясының да қанатын қайырыпты.

Ақындар өзара жауаптасып айтысқаннан гөрі, ұзақ сонар толғау айтып, халықты мезі қылып алғанын да көзіміз көрді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз