Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Қайрат Ералиев: Төрешілер мені „аяғымнан„ шалды

Ол Дохада өткен әлем біріншілігінде осы боксшымен кездескенін айтқан.

– Мен бұл боксшымен Дохада өткен әлем чемпионатында кездескем.Онда таза ұтылған болатынмын. Мойындайтын кезде мойындау керек.

Ал бүгін ұтылдым деп айта алмаймын. Мені төрешілер „аяғымнан„ шалды.

Олимпиада жүлдесі бұйырмай тұрған шығар. Төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңді деген сөз. Бірақ, кімнің мықты жұдырықтасқанын жанкүйерлер, халық көріп отыр. Бағасын солар береді, – деп әңгімесін қайырды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік. Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 16-орында келеді.

20160815035840

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз