Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

«Айлық бермей, жұмыстан қуып шықты»: «Қазақфильм» қызметкерлері дабыл қақты

Басшылық шығармашылық топты жалақысынан айырып қана қоймай, анимация бөлімін жауып, қызметкерлерді жұмыстан күштеп шығарып жіберген. Айлықсыз қалған қызметкерлердің бірі былтыр тамыз айынан бері суретшілер мен аниматорлардан құралған шығармашылық топтың айлықсыз жүргенін айтады.

«Бәрі заңды, келісімшартпен жұмыс істесек те, еңбекақымыз төленбей жатыр. Бірақ компания қызметкерлерге айлығын уақытылы беріп жүргендей салық төлейді. Сол себепті олардың мемлекет алдында ешқандай қарызы жоқ», – дейді Жанәділ Байдарбеков.

Шығармашылық топ жұмыстың қабылданбағанына қызметкерлердің қатысы жоқ деп санайды. Айтуынша, пилоттық жоба сапалы, сәтті шыққан. Анимация бөлімінің редакторы Ерлан Төлеутай компания қызметкерлерге 500 миллион теңгеден астам жалақы қарыз. Басшылық таспаның авторлық құқығын беріп, жобаны прокатқа шығару керек екенін айтқан.

«Фильм әлі дайын емес, бұл – пилоттық жоба. Кеше бәрімізді жұмыстан қуып шығып, кабинеттерді мөрлеп қойды», – деді ол.

Ал «Қазақфильм» басшылығы аниматорларға айлықтан бөлек қаламақы төлену керек екенін айтты.

«Шығармашылық топқа тұрақты түрде жалақы төленді. Бірақ қосымша төлемақы бере алмаймыз. Өйткені тапсырыс беруші фильмнен бас тартты. Қазір бізде сот процесі жүріп жатыр», – деді «Қазақфильмнің»  вице-президенті Айдар Омаров.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз