Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Айлығы 120 мың теңге болатын отбасылар “7-20-25” бағдарламасы бойынша несие алуға болады

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде бағдарламаға қатыса алмайтынын, оған себеп табысының бағдарламаға сәйкес болмауында деп жазып жатқан қолданушыларды байқағанын айтып өтті.

“Біздің мамандар қазақстандықтардың табысына қатысты сараптама жүргізді. Мысалы, екі адамнан тұратын отбасы құны 10 миллион теңге болатын пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде 2 миллион ақша төлеу керек. Оларға бұл жағдайда 8 миллион теңге несие беріледі. Сонда ай сайынғы төлем 56 мың теңге болады. Сондықтан да екі адамнан тұратын отбасы мүшелерінің табысы 120 мың теңге болуы тиіс. Әрқайсысы орташа есеппен 60 мың теңге жалақы алса, онда олар пәтер алуы мүмкін”, – деді Алтынбеков.

Оның айтуынша, екеуінің табысы тұрақты болуы тиіс. Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстанда 10,75 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріле бастағаны хабарланған болатын.120

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз