Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Айқын Төлепберген: Бірінші әйелімді өзім ұзатамын

497

Youtube желісіндегі “TalkLike” бағдарламасына ашық сұхбатында Айқын Төлепберген бірінші әйелі Әселдің бақытты болуын қалағанымен, дәл қазір оның тұрмысқа шығуына дайын емес екенін жеткізді. Әншінің сөзінше, алғашқы жарының өзі де әзірге қайтадан қалыңдық атануға асықпайды. Ол балаларының анасы махаббат мәселесіне келгенде мың ойланып, саралап барып қана шешім қабылдайтынын айтып қалды.

“Бір сұхбатымда бірінші келіншегімді басқа ер азаматтың жары болуына жол бермеймін дегенім рас. Бұл еркектік эгоизм болар. Көреміз енді, уақыт көрсетеді. Бес жылдан кейін мүмкін өзім тойын-ақ жасап беретін шығармын. Бес жылдан кейін ұзатуын өзім-ақ істеп беремін. Себебі, бақытты ана балаларын да бақытты етеді. Қанша дегенмен, анасы бақытсыз болса, балалары да бақытсыз күн кешеді. Сондықтан бәрібір көнеміз ғой.

Жақсы азамат табылып жатса, міндетті түрде біз оған келісеміз. Бірақ, әзірге кішкене балаларым өссін. Содан кейін көреміз. Бірақ, Әселдің өзі сондай, мені таңдаған кезде де ол ұзақ шешім қабылдады. Ол бір-екі жылда біреуді таба салатын адам емес. Біреуді табатын болса, өте тиянақты қарайды. Сол себепті, ол қазір болатын әңгіме емес деп ойлаймын” , – деді Айқын.

Айта кетейік, Айқын Төлепбергеннің бүгінде төрт баласы бар. Ансар мен Асылым бірінші некеден болса, Санжар мен Айяны әншіге екінші жары Жұлдыз Өмірғали сыйлаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз