Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

“Айқын” кімнің айқайшысы?

935

Көзі ашық адамның бәрі лицейлер осы қоғамдық қор арқылы баяғыдан бері басқарылатынын жақсы біледі. Түркия президенті Ердоған «гүленшілердің» Қазақстанға қатты әсері туралы мәлімдеп, «KATEV»қорын жабуды, оның орнына «Maarif » білім беру қорын ұсынған. Бұл қордың негізгі мақсаты шетелде білім беретін түрік мектептерін өздеріне қаратып, не болмаса жаңа білім беретін мекемелер ашып, Түркия ресми билігінің саясатын жүргізу тапсырылған. Жақында ғана көршілес Қырғызстанның білім және ғылым министрлігі мен «Maarif» түрік қоры арасында өзара түсіністік туралы меморандум қабылданып, жаңа білім мекемелерін аша бастағаны туралы Қырғызстанның Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған жоқ па?

«Мүйіз қойып, құйрығын өсірсін…». Айдос Сарым ашығын атты

Ал аты дардай республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газеті 10-қараша күнгі санында «Бөтен мектептер бүлдіріп жүрмесін» деген мақала жариялап, Режеп Тайып Ердоған бастаған түрік үкіметі құрған «Maarif» қоры туралы былай дейді:

«Қазақстандағы түрік мектептерінің ішіндегі күмәндісі – Маариф қорына қатысты мектеп. Бұл қордың не үшін құрылғаны, қайдан қаржыландырылатыны, нені көксейтіні жайлы түріктердің, шетелдің бірқатар масс-медиясы жарыса жазды. Сондай мақаланың бірі «Қамшы.кз» сайтында жарияланды. Ариф Асалыоглу деген автор мақаласында: ««Maarif» қоры қазірдің өзінде қауіпті де қатерлі. Түрік үкіметі мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге жарамсыз адамдарды жұмысқа тұрғызуды ойлайды. Олар АКР-ның саяси идеологиясын. жақтайтын, шет тілінде сөйлемейтін, кәсіби мүмкіндігі төмен адамдар. Өкінішке қарай, көбі өмірінде оқушыға сабақ беріп көрмеген, ДАИШ пен әл-Каида менталитетін жат көрмейтін радикалды ислам идеологиясының өкілдері болып табылатын мұғалімдер», – деп жазды.

Сонда бұл қалай болғаны? Жат діни ағымды жат көрмейтін біздің балаларға ашықтан ашық сабақ беріп жатқаны ма? Түркиядан шығатын Yeni Safak газетінің жазуынша, «Maarif » қорына қатысты бұл мектеп Алматы облысының Талғар қаласында жұмыс істеп жатқан көрінеді. Мектеп-лицейдің ресми сайтында мұнда 500 оқушының білім алатыны көрсетіліпті. Ойланарлық-ақ жағдай екен!», деп жазады «Айқын» газеті (10.11.2018).

Қазіргі журналистерге қарным ашады…

Шынында да ойланарлық жағдай! Білдей бір мемлекеттің басшысы Ердоған елімізге «KATEV» қорының орнына «Maarif » қорын ұсынады, ал әлдебір гүленшіл түріктің «Maarif» қорын радикалды жамағат деп жамандаған жазбасын «Қамшы.кз» сайты айқайлатып жариялайды, оны республикалық «Айқын» газеті іліп ала жөнеледі. Сонда дейміз де, «Қамшы.кз» сайты мен «Айқын» газеті гүленшілердің ресми емес ақпарат құралына жата ма? Әлде, әлгі мақаланың авторы, «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Серікбол Хасан нағыз гүленші ме? Ау, айтыңдаршы, елімізге Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған гүленшілер қауіпті ме, әлде «Айқын» газеті «қауіпті де қатерлі» деп айқайлатып жазғандай, Түркия президенті Ердоған үкіметі құрған «Maarif» қоры қауіпті ме?

Қазақ-түрік лицейлері қазір «Білім-инновация лицейі» деп аталғанымен, аты өзгерсе де заты еш өзгермеген. Онда қызмет ететін қазақ басшылардың бәрі гүленшілердің «өнімі». Ал анда-санда «Maarif» қорын жамандап жазатын «Қазақстан-Заман» газеті әу бастан гүленшілердің ақпарат құралы екенін бүгінде бала да біледі.

Бірде «Азаттық» сайтында саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбатта журналист Қазақстандағы «қазақ-түрік лицейлерінің артында «гүленшілдік» тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды» деген сұрақ қойды. Жауап беріп отырған Айдос Сарым тереңдеп жауап беру тұрмақ, бірден бар бәлені уахабист-салафиттерге қарай аудара салды. Осыдан кейін осы мәселені зерттейтін саясаттанушы Айдос Сарымның өзі «гүленші» екен ғой, деген ойға қаласың.

Біз бұл жерде уахабист-салафиттерді титтей де жақтап отырған жоқпыз, тыйым салған соң сектаның бәріне бірдей тыйым салған дұрыс емес пе.

Қалай ойлайсыз?

Бақтықожа Ысқақұлы

«Шаханов шынымен де КГБ-ның салпаңқұлағы ма» – Төреғали Тәшенов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз