Рас-ау, қазіргі журналистер құрсын!
“Қазіргі журналистер қысқа жазады. Ақпарттық негізді алға тартады. Тілі қасаң. Көбінің тілдік жағы кемшін соғып жатады. Қай сөзді қай жерде дұрыс қолдануды білмей, қойыртпақ дүние жазатындары да ұшырасады. Көркем жазу әдірем қалған. Бәлкім, қысқа да нұсқа жазу заман талабы болар. Оған дау айту қиын.
Сол Оралхандар жүрген кездегі «Лениншіл жас» газетіндегі әрбір мақала новелла секілді керемет тартымды болып оқылатын.
Газеттің әр санын асыға күтетінбіз.
Қазіргі журналистика басқа. Кейде қарның ашады”.
Бұл — белгілі журналист-публицист Талғат Өтегеннің айтқаны.
Ақиқаты сол, қазіргі газет-журналдар да, сайттарда сондай-ақ радио мен теледидарларда жұмыс істеп жүрген көптеген журналистердің жазғандарын оқып, айтқандарын тыңдап отырып қарның ашатыны хақ.
Дұрыстап сөйлем құрап жаза алмайтын, тамылжытып сөйлей алмайтындар аса көп. Өкінішті.
Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/ony-zhazyp-k-jtesi-d-uren-abaev-zhurnalisterdi-sottaudy-ty-t-silin-tauyp-aldy-229541