Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«12-ші көлігін сыйлады» деп мақтанған Медициналық сақтандыру қоры басшысының әйелі сынға қалды

3126
А. Жұмағұлов. Ашық көздерден алынған сурет

Заированың айтуынша, ол жақында он екінші жаңа көлікті сыйға алған. Қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова Facebook желісіндегі парақшасында осы жазбаға назар аударды деп хабарлайды Tengrinews.kz.  «Қыздар, іштеріңізден қызғанып отыра бересіздер ме? Әлде біреулердің 727 500 тұратын теңге гаухар тасты картридж алу үшін қорға жалақымыздың 3%-ын үндемей аударамыз  ба?» — дейді Әбенова.

Ол екі ай бойы Заированың парақшасын бақылағанын айтады. Бұған дейін әйел әлеуметтік желіде салтанатты жекежайымен мақтанған. Оқырмандар сынға алғаннан кейін ол жазбасын өшіріп тастады, ал журналис әрі тележүргізушінің парақшасы Instagram-нан көрінбей кетті. Бұл жолы да оның аккаунты жоғалды, тек скриншоты ғана қалды.

«Менің жолдасым ол кезде арық, ұзын, қарабайыр, мұртты студент жігіт болатын (өзіме красавчик әйтеуір). Қасыма келіп, құлағыма сыбырлап: «Жаным, сен 30 жасқа толғанша, 10 көлік әперем деді. Күйеуімнің дәл сол сыбырын естіп, әмин деген періштеге алғысым шексіз. Мың да бір шүкіршілік, жігітім расында отызға толған туған күніме дейін 12 көлігімді мінгізген екен», — делінген  Заированың өшірілген жазбасында.

Медициналық сақтандыру қорының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Ермек Болтаев Tengrinews.kz тілшісіне осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қор басшысының жұбайы қатаң сынға ұшыраған бірінші жағдай емес екенін айтты.

— Мен қазірдің өзінде осындай 15 жазбаны есептедім. Менің болжамдарым нақты фактілерге негізделген, 15 рет біреудің әйелі туралы жазу немесе 15 рет барлығын төлем арқылы таргеттеу —  белгілі бір адамдардың мүдделері бар деген сөз.  Facebook пен әлеуметтік желілерде тараған Қор басшысына, оның жеке өмірі мен оның отбасына қатысты жазбалардың барлығы таргетингтен өтетіні туралы дәлелдер бере аламыз. Яғни, біреу осы посттарға жарнама сатып алып, қор басшысының жеке өмірі туралы жарияланымдарды насихаттайды. Бұл жарнама. Бірақ мақсаты неде? Неліктен бұлай болды? Әзірге бізге түсініксіз, —  деді Ермек Болтаев.

Сондай-ақ, ол қордың өз жұмысы туралы барлық қаржылық ақпаратты беруге дайын екенін мәлімдеді.

—Тексеруші органдар туралы айтатын болсақ, біз оларды күтіп отырмыз. Біз қаржылық қызметіміз, жұмысымыз бойынша нақты баға беретін аудиторларды күтеміз, —  деді қордың қоғаммен байланыс департаментінің басшысы.

Айбатыр Жұмағұлов әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-да жұмыс істеді, Baur Kazakhstan компаниялар тобының директорлар Кеңесінде болды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2017 жылғы қаңтардан бастап Жұмағұлов Ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді. 2019 жылдың наурызынан бастап медициналық сақтандыру қорын басқарады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз