Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Әйелін өртеп өлтірген Сәдуовтың балаларына екі жақтағы ата-әжелері таласуда

Атышулы қылмыстық іс бойынша үкім шығып, қылмыскер мерзімінің үш жылын өтеп тастаса да, оның айналасында дау басылар емес. Қанат Сәдуовтың жақындары, балалардың заң бұзушылықпен нағашыларының қолына өтіп кеткендігін айтып, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүр.

«Бір құдайға тапсырамыз. Не кінәміз бар біздің? Балаға жаман болсын деп айтпайды ғой ешкім»,-дейді балалардың әжесі.

Ғалия апай ұлдардың үлкені Қанаттан туған тұңғыш немерелерін бауырына басып, бағыпты. Қайғылы оқиғадан кейін, немерелері  нағашы апасының үйінде, қамауда отырған  баласы хабарласып, балаларын аманаттайтын көрінеді. Сағыныштың жетегінде кеткеннен көрмеген.

«3-4 рет бардым мен. Екі рет бардым, жолатпайды балаларды. Тыға берді артына»,-дейді балалардың әжесі Ғалия Тайкина.

Қазір үш бала Петропавлда нағашы апасымен пәтер жалдап тұрады. Бұған дейін үйдің үлкені Талғат Астанаға келіп, әкесінен қаржылай көмек жоғын айтып шағымданған. Қанат Садуовтың інісі Марат балаларға қамқорлық тағайындау кезінде қателік кетті дейді. Қомқоршының қаржылық жағдайы мен тұрмысын тексермегендіктен балалар бүгінгідей жағдайға түсті дейді.

«4 рет Петропавлға барып келгеннен кейін әкімшіліктің адамы психологтар шешім шығарды, сіздерге балалармен кездесуге болмайды, балалар қорқады деді. Мен сол жауабынан таң қалдым. Не себепті балалар бізден қорқады?»,-дейді Сәдуовтың інісі Марат Сәдуов.

Ал қамқоршыны белгілеген Астана қаласы білім басқармасы, ол жылдары тұрмыстық жағдай туралы қатаң талаптар болған жоқ. Оның үстіне Сәдуовтар дер кезінде өтініш берген жоқ дейді.

«Дағдарыс  орталығынан  кейін бұл балаларды нағашылары алып кеткен. Балаларды  алайықшы деген ұсыныс түскен жоқ кезінде. Балалар нағашыларында тәрбиеленіп жатыр дегенмен ата-әжелеріне, басқа туыстарына араласуына болмайды деген сөз емес»,-дейді Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.

Немерелерінің тағдыры бір жапырақ қағазға қарап тұрғаны ата-әжесінің жанына батады. Күн сайын балаларының суреттерін ақтарып, көз жасын төгетін олар, немелерінің маңдайынан бір иіскеуге зар боп отыр.

«Сол балалардың келешегін ойлайтын мен. Өйткені маған батады олардың тағдыры.  Балаларды өзімізге қайтарса деймін, сұрайтыным да сол»,-дейді  балалардың атасы Ғайса Сәдуов.

Сегіз баладан 25 немере сүйіп отырған  Сәдуовтар әулеті үкіметтен еш көмек керек емес. Керісінше келген баланың бар жағдайын жасап беруге дайын отыр. Тек табалдырық аттаса болды дейді.

Ал екі жыл бұрын  келіншегін  өртеп өлтірген Қанат Садуов 18 жылға бас бостандығынан шектелумен қатар ата-аналық құқықтан да айрылды. Марат Сәдуовтың айтуынша үш жыл қапаста отырған ағасы енді журналистермен кездесіп, өз оқиғасын айтып бергісі келеді. Алайда бұған түрме басшылары тыйым салған көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз