Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Әйелін өлтіріп, артынша өзі асылып қалды деп қылмысын жасырған азамат сотталды

Аталмыш қылмыстық оқиға өткен жылдың қаңтар айында Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында болған. Күйеуі әйелінің қорада асылып қалғанын айтып, полиция хабар берген. Дегенмен марқұмның туыстары қыздарының өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін еместігін алға тартып, тәртіп сақшыларына шағымданған. Себебі, 32 жастағы келіншек туыстарына үнемі соққыға жығылатын айтып келген. Ал, әйел қайтыс болар алдында оған белгісіз азаматша хабарласып, күйеуінің көңілдесі бар екенін айтқан. Бұны естіген әйел күйеуін үйден қумақшы болған екен. Осы жағдайдан кейін әйелдің өлі денесі қорадан табылған. Осыған қарамастан алғашқы сот-медициналық сараптама қортындысы екі баланың анасының соққы алмағанын көрсетіп, «марқұм өз-өзіне қол жұмасаған» деген шешіммен іс жабылған болатын.

Бірақ, марқұмның туыстары мұндай қортындымен келіспей, облыстық ІІД мен «Сана сезім» әйелдердің құқын қорғау орталығына барып шағымданған. Осыдан кейін араға айлар салып, қылмыстық іс қайта қозғалды.

Қайтыс болған әйелдің мүрдесі қазылып алынып, сот сараптамасы жүргізілді. Нәтижесінде, келіншектің ауыр соққыдан қабырғаларының сынғаны және бірнеше жерден жарақат алғандығы анықталды. Ал, оның күйеуі адам өлтірген деп айыпталып, қамауға алынған еді. Тергеу барысында күдіктінің қылмысы дәлелденіп, сотқа өткен болатын. Айта кетерлігі, марқұмның артында екі  баласы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз