Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына әйелін пышақтап өлтіріп, танысын ауыр жаралаған ер адамға қатысты қылмыстық іс түсті.
Бұл туралы Алау телеарнасы хабарлады.
Тергеу материалдарына сүйенсек, өткен жылдың 19 желтоқсанында Қарасу ауданының Железнодорожное ауылында жантүршігерлік қылмыс жасалды.
“Балалар ызаға булыққан ер адамды көріп, қорыққаннан басқа бөлмеге тығылады. Мас ер адам залға кіріп, азаматтық некедегі әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында жан тапсырды. Кейін үш баланың анасын да пышақтаған”, — деп хабарлады сот.
Алайда әйел дер кезінде аудандық ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.