Санкт-Петербург қаласының тұрғыны өз күйеуінің ойнас қылғанын ашынасының Instagram желісіндегі суреті арқылы біліп қойған. Суреттен әйел Санкт-Петербургте өз үйінің жатын бөлмесінен қала көрінісін байқаған, – деп хабарлайды “Блокнот”.
Суреттің өз бөлмесінен түсірілгеніне көз жеткізген қыз күйеуінен әлеуметтік желіде пікір ретінде қашаннан бері жезөкшелерді үйіне алып келіп жүргенін сұраған. Осыдан кейін ол ашынасының жазбасына репост жасап, онымен сөйлесіп көрген. Оның үстіне, әйелі күйеуінің басқа да ашыналарын тауып, олармен әңгімелесіпті.
“Жабық парақшасында бәрі менімен ренжісіпп қалған күйеуімді қорғаштап әлек. Ал қалған қыздар ашушаң емес екен, телефон арқылы сөйлескенімізде әйелі барын білмегенін айтып, жылады”, – деп жазды әйел.
Қыздың бұл жазбасын көптеген оқырмандары қолдады. Кейбірі жағдайдың мән-жайын анықтау керек дейді, себебі бұл сурет жоғары немесе төменгі қабаттан да түсірілуі мүмкін.