Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әйелді жыланмен қорқытып, зорлаған ер адам өліп кетті

677

Оқиға 21 қараша күні Цзянси провинциясының Фучжоу қаласында болған. Фань қонақүй бөлмесіне әйел адамды алдап шақырып, үш жыланмен қорқытып, өзімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жыланнан қорыққан келіншек амалсыз келісуге мәжбүр болған. Артынша әйел адам полиция бөлімшесіне арыздануға барған, ал Фань жыландарымен ойнау үшін жуынатын бөлмеге кетіпті.

Полицейлер аталған қонақүйге барып, төсектен ер адамның мәйітін тауып алады. Кейінірек оны жылан шағып алғаны анықталды. Ер адам жедел жәрдем шақырмаған. Жыландарының біреуі бөлмеден шығып кетіп, полицейлерді әуреге салған. Олардың арасында адамға өте қауіпті  оңтүстік қытайлық улы жылан бар болып шықты. Полиция әйел зорлау туралы қылмыстық іс қозғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз