Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әйелдердің зейнет жасына қатысты мәселеге қаржы министрлігі түсінік берді

284
www.zdorovieinfo.ru

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету туралы сарапшылардың ұсыныстарына қарамастан, Қазақстанның қаржы министрлігі оны ұлғайта бермек. Бұл туралы ведомство басшысы Алихан Смаилов мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

Мәжілістің жалпы отырысының сыртында журналистер министрден әйелдердің зейнет жасын төмендету мүмкінігі туралы сұрады. Мұндай ұсыныс 6 қыркүйекте президенттің төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жарияланған.

“Бізде әйелдердің зейнетке шығу жасы көтеріліп жатыр. Жақында ғана біз заңнамаға өзгерістер енгізіп, ол бойынша 10 жыл ішінде әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жастан 63 жасқа дейін өседі. Қаразіргі уақытта нормалар қарастырылып жатыр. Сарапшылардың ұсынысын естідік, алайда қазір бүкіл әлемде кері процесс жүріп жатыр. Әлем елдерінде әйелдер зейнетке 65, 67 жастан шығады. Себебі жер бетіндегі халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып келеді”, – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық кеңесте жасалған ұсыныстардың барлығы Қаржы министрлігінің қарауына алынған.

“Тиісті органдар әр ұсынысты саралап, өз позициясын дайындайды. Зейнет жасын төмендету туралы ұсынысты да қарастырамыз. Алайда бұл жерде мынадай бір проблема бар. Қазір бүкіл дүние жүзінде секілді бізде де өмір сүру ұзақтығы  өсіп жатыр. 65 жастан асқан халықтың үлесі артып келеді. Біз де осы жетпіс жылдық шектен асып кеттік. Яғни, жасы алпыс бестен асқан халықтың саны 7 проценттен асады”, – деп жалғады Смаилов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз