Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әйелдерді жезөкше деп…”. Мұхтар Құл-Мұхаммедтің інісі не былықтырып жүр?

321

Жоғарғы сот төрағасына жеткен арызға қос бірдей алқа басшылары мен облыстық соттың жеті судьясы қол қойыпты. Онда Мұратғали Әкетайдың  қарамағындағыларды балағаттап, ауызына келгенін айтатыны жазылған.

https://kaz.365info.kz/denesin-itke-tastau-kerek-arabtar-hidzhabsyz-suretke-t-sken-jeldi-lim-zhazasyna-kespekshi-foto-240000

Тіпті, төраға ақтөбелік әйелдерді жезөкшеге теңейді делінген. Сондай-ақ, Мұратғали Әкетай жоғарғы лауазымды таныстарын атап, қарамағындағы судьяларға сес көрсетіп қана қоймай, қорқытып-үркітетін көрінеді. Жиналыста әулетінің байлығының жетіп артылатынын айтуды да ұмытпайды екен.

Айта кетелік, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетайдың туған ағасы –  «Нұр-Отан» партиясының бірінші орынбасары қызметін атқарған сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қазір арызға қатысты жазған судьялар да, сот төрағасы да мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр. Ал Жоғарғы соттағылар осы шағымға байланысты тексеруді бастап кеткен.

https://kaz.365info.kz/bilikte-yyat-zhokh-khazakh-khuat-najmannyn-khadirine-zhetpej-zhyr-eken-300443

«Ақтөбе облыстық сотының бірқатар судьяларының Жоғарғы Сот төрағасына жолдаған арызы әлеуметтік желі арқылы таралып кетті. Қазіргі күні бұл мәселені Жоғарғы сотта тексеріп жатырмыз», – дейді ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков.

Ал мынау Ватсап желісі бойынша таралған видео (ratel.kz сайтынан алынды: 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз