Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әйелдерді қолдау орталығы: Өмір бойы таяқ жеп, соңында күйеуіне керек болмай қалған әйелдер бар

Басшы дағдарыс орталығынан көмек сұрайтын нәзік жандылардың көп екенін жасырған жоқ. Өмір бойына жолдасының соққысына шыдаған әйелдер бар. Олар соңында күйеулеріне де керек емес болып қалған.

«Күйеуінен өмір бойы таяқ жеп келген әйелдер бар. Өмір бойы таяқ жеп соңында күйеуіне керек болмай қалған келіншек бізге келді. Әйелдің бірнеше баласы бар. Кезінде балалары үшін барлығына шыдап, ажырасудан қорқып жүре берген. Әйел денсаулығынан айырылғаннан кейін күйеуі кетіп қалған. Әйел бізге келіп «мен өмір бойына не үшін шыдадым» деп жылады. Балалары да «Не үшін шыдадың, біздер үшін керек емес еді» деп сөйлеген. Бұл әйел біздің орталыққа бұрын да келген. Психолог мамандарымыз сөйлесіп, әртүрлі жолдарын түсіндірді. Әйел жолдасымен қалуды таңдаған. Бізге келіп, өкініп жылады. Біз көмек сұраған адамға нақты сен былай жаса деп айта алмаймыз. Көмек сұраған адамға бірнеше жолын көрсетеміз. Адам шешімді өзі қабылдау керек», — дейді Айгүл Дүйсенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз