Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Әйелдер үлесі: неліктен пандемиядан ер адамдарға қарағанда әйелдер көп зардап шекті? – зерттеу

Мұны арнайы әлеуметтану зерттеудің нәтижелері көрсетеді. Жалпы, кәсіпкерлердің тек 10,05%-ы карантин кезінде ешқандай проблемалар болмағанын айтты. Бірақ әйелдер көп жапа шекті.

Кәсіпкер әйелге соққы күшті болды

Авторлар қазір кәсіпкерлердің едәуір бөлігі бизнесті табысты жүргізу үшін жеткілікті қаржылық тұрақтылыққа ие емес екенін атап өтті. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың 61,1%-ы салыстырмалы түрде қолайлы жағдайда. Әрбір оныншы адамның бизнесті дамытуға, 51,1%-ының– ағымдағы қызметке қаражаты бар (бірақ дамуға жетпейді).

Сонымен қатар, кәсіпорындардың 27,3%дағдарыс шегінде немесе қазірдің өзінде қиын жағдайда.

Бизнесі шекті аймақта немесе сындарлы аймақта (30,3%) тұрған кәсіпкер әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда (24,7%) жоғары. Сонымен қатар, әйелдердің 75,8%-ы карантин кезінде олардың ісі жоғалғанын атап өтті, ерлер арасында бұл көрсеткіш 63,5%-дан төмен. Әйелдер арасында кірістің 50%*дан астамы — 41,9%, ерлер арасында 31,2%.

Кредиттелу деңгейі гендерлік бөліністе ерекшеленбейді. Ерлер арасында – 42,9%, әйелдер арасында 44,8%. Алайда, соңғысында төлемдер мәселесі көбірек. Олардың ішінде проблемалық (әлеуетті және нақты) үлесі 42,6%, ерлерде — 29,7%.

Карантин кезінде үй жүктемесінің артуы

Карантин кезінде кәсіпкерлер, әсіресе әйелдер үй міндеттерінің өсуіне тап болды. Үштен бір бөлігі балаларға (оқу орындарына баруды тоқтатқан), сондай-ақ отбасының мүшелеріне күтім жасауға көбірек уақыт кететінін атап өтті. Сауалнамаға қатысқандардың 23-27%-ы тамақ дайындауға, үй шаруашылығын басқаруға, дүкенге баруға және үйді жөндеуге кететін уақыттың ұлғаюын атап өтті.

– Үй міндеттерінің бұл түрлерінде ерлер мен әйелдер арасындағы жүктемені бөлудегі сәйкессіздік ерекше байқалды. Әрбір үшінші адам үйді басқаруға (шоттарды жүргізу және т.б.), сондай-ақ дүкендерге баруға кететін уақыттың көбейгенін айтады, – дейді зерттеушілер.

Қалалық әйелдер үй шаруасының көлемінің артуын ауылдағы тұрмысқа қарағанда жиі кездестірді. Мүмкін ауылдық жерлерде мұндай жүктеме әуелден жоғары болған шығар. Карантин жағдайында қала тұрғындары “жалақы төленбейтін үй еңбегінің” деңгейі бойынша ауылға жақындады.

Карантин кезеңі мен тағы бір қызықты жағдай анықталды. ШОБ білімнің жетіспеушілігінен зардап шегетіні белгілі болды. Соның ішінде мемлекеттің нашар хабар таратуына байланысты.

— Кәсіпкерлердің басым бөлігі карантин кезінде қарастырылған ШОБ мемлекеттік қолдау шараларын (44,4%), несиелер, қарыздар, гранттар алу мүмкіндіктері (42,1%) бойынша білімдері жетіспейтінін атап өтті, – делінген зерттеуде.

Отандық ШОБ-тың уеб-ресурстары аз

Сондай-ақ, авторлар бірқатар мәселені белгіледі:

  • сандық технологиялармен жұмыс істеу кезіндегі нашар білім/қиындықтар (35,5%)
  • бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша білімнің жетіспеушілігі (34,5%)
  • кәсіпкер ретінде өз құқықтарын білмеу (33,9%)
  • салық органдарына есеп тапсырудың және бюджетке төленетін төлемдердің күрделілігі (26,8%)

Бұдан әрі электрондық коммерцияның (e-commerce) түрлі құралдарын пайдалануды атап өтті. Сауалнама нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің көпшілігі шоттарды, қызметтерді және интернет арқылы тауарларды сатып алуды жиі төлейді.

  • 61,3% – тұрақты пайдаланады
  •  56,6% үнемі интернет-банкингті пайдаланады, өздерінің банктік шоттарын интернет арқылы басқарады
  • 37,4% – жиі, 26,8% сирек. Олар өз тауарлары мен қызметтерін сирек сатады, сондай-ақ өзгелерді іздейді (39,6%, 28,3%)

Гендерлік талдау көрсеткендей, кәсіпкер әйелдер ерлерге қарағанда шоттарды, қызметтерді және тауарларды интернет арқылы сатып алуды жиі қолданады (тиісінше 65,9% және 57,3%). Қалған дағдылар бойынша пайдалану жиілігінің айырмашылығы шамалы, – делінген зерттеуде.

Сұралған кәсіпкерлердің тек 27%-ында ғана жұмыс істеп тұрған уеб-сайт немесе әлеуметтік желілерде өз бизнесінің жарнама парақшасы бар. Олардың үштен бірі карантин кезінде өзінің уеб-ресурсынбастады. Әрбір бесінші кәсіпкер (20,3%) оны құруды жоспарлап отыр.

Әйелдер ресурстарға қатысты ерлерге қарағанда белсенді, сонымен қатар онлайн құралдарды жиі қолданған

карантин кезінде өнімді/қызметті дәріптеу үшін.

Әйелдер бизнесі қолдауды қажет етеді

Карантин кезінде ШОБ үшін ең ауыр мәселе төмен табыс болды. Зерттеушілердің айтуынша, әйелдер бизнесі әсіресе осал болып шықты. Сауалнамаға қатысқан әйел кәсіпкерлердің төрттен үш бөлігі 75,1%-ы, ерлер арасында 61%-ы осы проблемаға тап болды.

Карантин кезінде бизнесті дамыту үшін қаржының қолжетімсіздігіне әрбір екінші (49,4%) кәсіпкершағымданады. Әйелдер бизнесі ерлерге қарағанда (53,4%) жиі зардап шегеді (45,9%).

Әкімшілік кедергілер айтарлықтай проблема болды. Әрбір бесінші адам үнемі тексерулерге, айыппұлдарға және тексерушілердің қысымына тап болғанын айтты. Мұны әйелдер жиі атап өтті (23-27% қарсы 16-17%).

Сондай-ақ, әйелдер бизнесі әкімшілік қысымға ерлерден гөрі жиі тап болды. Осылайша, әрбір үшінші әйел-кәсіпкер санитарлық-эпидемиологиялық қызметке (32%), бақылаушылардың мобильді топтарына (29%), полицияға (12,7%) шағымданды.

Карантин кезінде кадр мәселесі де өзекті болды.

Әрбір төртінші (24,3%) кәсіпкер тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығын атап өтті

Карантин кезінде тағы 18,4% кәсіпкер құнды қызметкерлерінен айырылды. Проблемалардың бестен бір бөлігіне жуығы жоғары бәсекелестікті (21,9%) және тіркелмеген бизнес тарапынан жосықсыз бәсекелестікті (19,4%) атады.

Әйелдер бизнесі бәсекелестікке осал болып шықты, бұл мәселені кәсіпкер әйелдердің төрттен бір бөлігі (26%) атап өтті.

Салық органдарына есеп тапсырудағы қиындықтарға кәсіпкерлердің 14,7% шағымданады. Гендерлік тұрғыда әйелдерге қарағанда ерлер қиындықтарды жиі кездестірді (сәйкесінше 15,9% және 13,3%).

Бірақ әйелдер ерлерге (13,5%) қарағанда қажетті сападағы (22,5%) үй-жайлардың (кеңсе, өндіріс, қойма) төмен қол жетімділігі мәселесін жиі көрсетеді.

– Деректерді талдау мынаны көрсетті:

әйелдер бизнесі ерлерге қарағанда тұрақсыз келеді

Мәселен, жалпы кәсіпорынның жақсы перспективалары туралы әйел кәсіпкерлерге қарағанда ер кәсіпкерлер (51%) жиі айтады (41,8%). Керісінше, әйелдер (40,1%) ерлерге қарағанда (28,5%) бизнес жағдайының тұрақсыздығы мен болашақ перспективаның белгісіздігі туралы жиі айтады. Осылайша, әйелдер бизнесі жоғары қолдауға мұқтаж, — дейді авторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз