Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Айдос Сарым: 10 сотық жер деген заңдағы популистік бап секілді

Шынын айтсақ, халық жер алуға құқылымыз, жұрттан естідік деп жүр. Осы кезге дейін бұл жөнінде ауыл шаруашылығы министрлігі, басқалар да айтып келді. Бірақ нақты ештеңе жоқ.

Бәлкім, бұл ақпаратты біреу таратып, ушықтырып жүрген шығар. 10 сотық деген мәселеге келейікші.

Бұл заңдағы таза популистік бап секілді – ол жер кімге берілуі тиіс, қалай берілуі тиіс екені белгісіз.

Әр адамға 10 сотық береміз дейтін болсақ, үкіметтің қорындағы жер жетпейді. Сонымен қатар ондай көлемде инфрақұрылым тартылған жер жоқ. Алматыда, Астанада, мына Көкшетауда жұртқа беретін жер жоқ. Яғни, бұл мәселенің анық-қанығына жетіп, дұрыстап қолға алу керек секілді.

Мораторий енгізіп, тоқтата тұру керек пе?… Сондай бірдеңе ойластыруымыз қажет. Өздеріңіз түсінерсіздер, себебі азаматтар арасында жұрт 100 мыңдап алып жатқанда, неге 10 сотық ала алмаймын деген әңгіме болады.

Қоғамтанушы, әлеуметтанушы ретінде айтарым, бұл енді таза дау-жанжалдың ошағы.

Қазір әкімдіктердің халықпен тілдесуге, түсіндіруге мүмкіндігі бар. Ал ертең 5-10 мың адам жетіп келсе, оларға әкімдік басу айта ала ма, жоқ па, белгісіз.

Сондықтан үкімет тарапынан осы мәселеге тоқтау болатын шешім қабылдану тиіс», – дейді Айдос Сарым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз