Айдана Меденова жеке өмірін құпия ұстайтын жұлдыздардың қатарынан емес. Алайда ол өзінің отбасы жайында көп айта бермейді.
Есесіне жеке өміріне қатысты сұрақ қойылса, жауаптан қашпайды. Әркез ашығын айтады.
7-арнадағы танымал бағдарламалардың бірінде Айдана Жанар Айжанованың келінін сомдады. Айжанова өз кезегінде су жаңа «келініне» ыдыс жуғызып сынға алды. Әртүрлі сұрақтар қойды, басқан әр қадамына тиісіп мазасын алды.
«Келін болып түскен жерім жақсы, қарапайым, қазақи жанұя. Менің жұмысыма қатысты ешқандай жаман сөз айтқан жоқ. Менің енем өте жайлы кісі, жаны таза мейірімді адам», – дейді Айдана.
Дереккөз: Stan.kz