Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Айдалада…”. Қытайдан келген келіншек үшіншісін қалай тығып босанғанын айтты (видео)

Оның айтуынша, ол Қытайда екі баласын дүниеге әкелген. Қытайдың қатал заңынан қорықса да, тәуекелге барған әйел екінші қызын айдалада жалғыз босанғанын да жасырмады.

– Мен он алты құрсақ көтерген адаммын. Амал қанша сол бір саясаттың кесірінен қалған балалар шейіт бола берді. Ішіміз ашиді қазір,

– дейді ол.

Олар Отанына оралып, кең заманға қолдары тигеніне дән риза.

https://kaz.365info.kz/mal-sekildisin-khytajda-zhazykhsyz-otyryp-shykhkhan-khazakh-basynan-otkenin-ajtty-video-311371

“Дүниеге әкелсем сотталам. Екі балам ар жақта дүниеге келген. Айдидар қызымды жалғыз өзім өмірге әкелдім. Үйде емес, себебі көзге түсіп қалсақ, әшкерелеп, үкіметтің құлағына жетеді. Әшкереленсек, мыналар өледі.

Сомен бұларды жасыруға тура келді. Сөйтіп жолдасым мені бір алыс ауылға апарып, Аллаға аманат етіп тастап кетті. Бір айланып келейін, құжаттарды әкелейік деді. Кетеміз деді. Жетіп алайық, қазақ еліне жеткізейік дедік бар арманымыз”, – дейді Жеңісгүл.

Ол шалына 24 жаста тоқал боп тигенін айтты.

https://kaz.365info.kz/oralmandar-khamalyp-zhatyr-dese-yn-shygarmajdy-ajgyl-orynbek-ashhy-shyndykhty-ajtty-296246

” Тоқалмын, құдайға шүкір. Екінші әйелімін. Біз енді ар жақта жүріп, екінші әйел болуды іске асырдық. Себебі Қытайдың қылышынан қан тамған саясаты үшін бұл мүмкін емес нәрсе. Өйткені заң оны жолға қоймайды. Тек ажырасып барып, үйленуге болады. Ажырасқанның өзінде бала бермейді. Бірінші әйеліңнен бала бар ма, екінші әйелге бала бермейді.

Бірақ сонда да біз бәйбіше қосып тұрған соң, жолдасым алам деп тұрған соң, қазақтың салты болған соң, солай өмір сүрдік.

Сонымен бірге ол бәйбішемен қарым-қатынасы турасында да сөз қозғады.

https://kaz.365info.kz/oralman-dep-khakhyldaj-bermenizder-myna-zhigit-zhauap-khatty-278485

Мен оны бәйбіше деймін. Ол мені Жеңісгүл дейді. Ризамыз ол кісіге. Өте жақсы, жуас, қазақтың нағыз бәйбішесі. Ол кісі ерінің қайратына көзі жетті ғой. Сөйтіп рұқсатын берді”,- деген Жеңісгүл шалына үшінші әйел алып беру туралы да ойланып жүргенін айтты.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз