Продюсер Қыдырәлі Болманов «Мәскеуде диссертация қорғадым, Ресейдің Ғылым академиясының профессорымын» деп жұртқа жар салып жүр.
Біздің Қыдырәлі бір жыл бұрын қалай-қалай мақтанған еді, өзінің Instagram-парақшасында: «Мен енді халықаралық дәрежелі доктормын. Ресей компаниясының алдында диссертация қорғадым», — деген ол.
«Ұйқысыз өткен күндіз-түндерім артта қалды, енді өз отаныма пайдамды тигіземін» деп соққан сабазың.
Бірақ Болманов мынадай маңызды сұрақтарды жауапсыз қалдырады:
Ресейдің Білім және ғылым министрлігі Болмановтың масқара өтірігін шығарып берді:
«Ресей Ғылым академиясында ондай профессор атымен жоқ…
Бахтизин дейтін ғалым бар, Болманов жоқ!»
Ал ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин былай дейді:
— ҚР Білім және ғылым министрлігі мен оның Білім және ғылым салаларын бақылау жөніндегі комитетіне Қыдырәлі Болмановтың ғалым дәрежесі жөніндегі шетелдік дипломын мойындау туралы ешқандай құжат келіп түскен жоқ, ондай адамға Қазақстан тарапынан да философия ғылымдары докторының дипломы берілген емес.