Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әй, қойсаңшы енді…”. Желі қолданушысы Қайрат Нұртасқа ұрсып тастады (фото)

Неге? Мен білемін.

Өйткені Ол – жұлдыз ғой!

Қайрат жұлдыз болып жарқырап тұрғанда елде шаршауға да мұрша жоқ, Қайрат Нұртастың отбасы туралы жаңалықтардан.

Қайрат солай ойлайтын сияқты. 

Шындығында, қазір халықтың Қайратты ойлайтын мұршасы жоқ. Тіршілік қамыты қазақтың мойнына мықтап киілген. Халық тарығып жүр. Қайда қарасаң да қиналған қазақ. Қарызданған қазақ…

Банктерге баршы. Кілең қазақ…

Базарға баршы. Тәшкі сүйреткендер кім? Кілең қазақ…

Такси тоқтатсаңыз да, ар жағынан көзі шүңіреп қазақ қарап тұрады. 

Бір бай офиске кірші. Кіреберісінде, қазақ тұрады. Күзетші. 

Көше сыпырып жүрген кім? Кілең, қазақ? 

Неге, неге солай? 

Жылы офистерде кімдер отыр сонда? 

Жоқ, бұл зарлау емес. Көзіміз көріп жүрген, етіміз үйреніп кеткен күнделікті көрініс. Селт етпейміз, селт етпейтін жағдайға жетті.

Ал Қайрат болса, өз әлемінде өмір сүруде. Жо-жоқ, оны қызғанып тұрған жоқпыз. Өз еңбегі ғой.

Бірақ, қазақтың қазіргі көңіл-күйі Қайраттың көңіл-күйімен үндес емес. 

https://kaz.365info.kz/kharakhalpakh-ta-adam-khajrat-nyrtas-ozinin-kim-ekendigin-mojyndady-287473

Меніңше, Қайратқа өсу керек. Жасы болса отызға келді. Қайрат сияқты халық танитын ұлдар қазақтың проблемасынан тысқары жүрмеуі тиіс. Күліп-ойнаған әрине жақсы ғой, бірақ оның да орны болады. 

Отбасыңмен де мақтанған жөн. Бірақ, оның да шегі болады.

Жоқ, “Қайратқа билікке қарсы сөйле, Үкіметті сына” демейміз. 

Бірақ, өзінің жүздеген мың оқырманы бар Инстаграмына ара-тұра болса да қазіргі қазақ жайлы, қазақтың тұрмысы жайлы өзекті жазбалар, өткір видеолар жүктеп отырса оған кім қой дейді? 

Өсу керек, Қайрат. 

Әнші деген де осы елдің, осы қоғамның бір мүшесі. 

Қазіргі қазақтың жүдеу тұрмысы әншілер де көріп, біліп отыр. Тек айтқысы келмейді. Күнде той, түнде той. Өкініштісі, оларға бұдан өзге түк керегі жоқ… 

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtas-ajelimen-ojnap-otyr-video-299593

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз