Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Әй, бұларың не?”. Танымал журналист биліктің былығын жайып салды

8341

10 млн теңге жинақ қорды кім жинақтай алады?

Айлығы жоғары депутаттар, министрлер жинақтайда.

https://kaz.365info.kz/s-ule-bedinova-ydyr-lini-birinshi-jeli-men-emes-221985

Ал сіз бен біз бұндай қорды екі дүниеде де (өңіміз түгілі түсімізде де) жинай алмаймыз. 15-20 жылдық еңбек өтілі бар менің зейнетақы қорым 1 млн теңгеден аспай-ақ қойды. Ай сайын, жыл сайын зейнетақы қорынан көшірме (выписка) аламын, көбейгенін байқамаймын.

Ал енді жоғары жалақы алатын шенеуніктер, әртүрлі компания басшылары, монополистер халықты бір емес, екі емес, жүз түрлі айла-тәсілмен тонап отыр.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-korip-otyr-cayasattanushy-2018-zhyldyn-basty-zhanalygyn-ajtty-295862

1. Халыққа пайдалы ештеңе істемей, ұйықтап отырып жоғары айлық алады.

2. Халыққа еңбегіне лайықты айлық бермейді.

3. Халықтың салығынан түскен қаржыны өтірік жобалармен жымқырады.

4. Банктер жоғары пайыз несиемен тағы тонайды. (Банк қожайындары – өздері.)

5. Коммуналдық қызмет көрсетуші монополистер онсыз да қымбат төлем тарифтерін қалаған кезінде көтере салады.

6. ….

7. Тіпті, зейнетақы қорына 10 млн теңгені 5 айда-ақ құйып тастап, шенді қызметінен алатын айлығынан бөлек, жоғары зейнетақы алып отырған 55+ жастан асқан пысықай шенеуніктер қанша екені бір Аллаға аян… 10 млн құймай-ақ, өтірік небір құжаттар жасатып, ебін тауып екі асап зейнетақы алып жүргендердің барына күмәнім жоқ.

Қысқасы, өз халқын сүліктей сорған тойымсыз, жемқор үкімет бізден басқа тағы қай елде бар екен???

* Ал мен хайуандар патшасының арқасында 6 айдан бері жұмыссызбын…

Сәуле Әбілдаханқызы 

Фейсбуктегі парақшасынан

https://kaz.365info.kz/ydyr-li-ekrandy-bosat-nshilerdi-iship-zhegeni-kimge-kerek-240791

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз