Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

Air Astana рейсінде «мас жолаушыға» айыппұл салынды

Бойжеткен бұрын қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылған. Сотта екі стюардесса Нәбиева ұшаққа қонған кезде мас болғанын, атын атағанда жауап бермегенін, қойылған сұрақтарға ұзақ уақыт жауап беріп, одан алкогольдің өткір иісі шыққанын, қозғалысы баяулағанын айтқан.

«Стюардессалардың әрекеттерімен келіспей, ол не болып жатқанын телефонға түсіре бастады, осылайша қоғамдық резонанс туғызды», – делінген сот хабарламасында.

Нұсқаулыққа сәйкес, стюардессалар қызды мас күйдің «қызыл белгісіне» жатқызған, ал экипаж командирі оны ұшаққа отырғызбау жөнінде шешім қабылдаған. Сот Нәбиеваның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келіп, оған 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз