Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“АИ-92 қайда?..”. Алматылықтар бензин таппай қалды

Алматыдағы жанар-жағармай бекетінің бір менеджері мұны өздеріне бензин жеткізуші тасымалдаушылардың салғырттығымен байланыстырды. Солар кешіріктіріп жатыр дейді.

Айта кетелік, қыркүйекте Қазақстандағы бензиннің орташа бағасы бір литріне 150 теңге боп қымбаттап, өсім 11 процентті құрады.

Таяуда үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жанар-жағармай нарығындағы бағаның қалай тұрақталатынын айтып беріп еді.

«Бұл арада Ресейден келетін бензиннің бағасы қалай белгіленеді, бәрі соған байланысты. Егер бұрынғыдай сыртқы деңгейде ір тоннасы 560 доллар болса, онда баға тіпті аздап арзандауы мүмкін, ал егер бағаны көтерсе, онда 20 процентке дейін өсім болады, – деді министр.

Соған қарағанда „Әліптің артын баққан„ көтерме саудагерлер АИ-92 бензинін нақты баға белгіленгенше босатуды түрлі себеппен доғара тұруды жөн көрген секілді. Басқа тағы не деуге болады?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз