Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Ағылшындық құқық қағидалары АХҚО-ға венчурлік инвесторлардың назарын аударды

320

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Quest Ventures өкілдігі 2020 жылдың жазында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. АХҚО-ның заң платформасы ретінде таңдалған ағылшын құқығы қағидаттарының арқасында сингапурлық венчурлік қор үшін тартымды болды. Ал тамыз айында quest Ventures және қазақстандық QazTech Ventures цифрлық технологиялар саласындағы ісін жаңа бастаған бизнесмендер үшін тартымды шарты бар Kazakhstan Digital Accelerator (KDA) акселерациялық бағдарламасын іске қосты. Жақында бағдарламаның қазылар алқасы 200-ден астам өтінімнің ішінен 10 финалистті іріктеп алды, оларға өз жобаларын дамытуға 50 мың доллардан берді. АХҚО-ның және Quest Ventures-тің қолдауы осы стартаптарға жергілікті нарықтан тыс жерге шығуға мүмкіндік береді, бұл әрине, одан әрі өсу перспективасы бар, орта бизнеске айналудың баға жетпес мүмкіндігі.

Ойын ережелері түсінікті

Қазақстанда венчурлік инвестициялау енді ғана қарқын алуда, ал америкалық қор биржасында бұрынғы стартаптардан жетекшілік ететін 10 үздік бағалау компаниясы бар. Сандық технологиялар әлемге тез арада тарап,  капиталы бар адамдардың инвестициялары үшін тартымды нысанға айналды. Ағылшын құқығы әлемдегі кез келген венчурлік инвесторға таныс.

Ағылшын құқығында қолданылатын құралдар инвесторлар мен стартап құрылтайшыларының мүдделерін барынша қорғайды және екі тарапқа келетін тәуекелді төмендетеді

ТМД-да жобалар алғаш рет АХҚО алаңында заңды тіркеуден өтіп, финалистердің стартаптарына айырбасталатын қарыз арқылы инвестиция ресімделді, бұл — KDA акселерациялық бағдарламасының ерекшелігі.  Ал ол дамудың алғашқы сатысында объективті түрде бағалау мүмкін емес стартаптарға қатысты қолданылатын ағылшын құқығының құралдарының бірі.

АХҚО Қаржылық-техникалық хабының Венчурлік капиталды қолдау қызметінің басшысы Арслан Кудиярдың айтуынша,  Қазақстанда Quest Ventures Global Pte.Ltd сингапурлық венчурлік қордың өкілдігін тіркеу және  KDA акселерациялық бағдарламасын табысты іске асыру — венчурлік экожүйені дамытуда ойынның түсінікті және әділ ережелерінің қаншалықты маңызды екенінің көрсеткіші болады.

— Біз АХҚО-ны венчурлік мәмілелерді құрылымдау және өңірде венчурлік белсенділікті жүргізетін алаң ретінде танытуды жоспарлап отырмыз, — дейді Кудияр. — Quest Ventures-пен ынтымақтастық біз үшін стратегиялық болды. Қор жақында ғана Қазақстанға кіріп, бірден белсенді инвестиция сала бастады. KDA акселерациялық бағдарламасы — осының дәлелі, АХҚО-ға бұл жақсы benchmark, ол бізге бұдан ары құрылымдауға және неғұрлым күрделі мәмілелерге қатысу үшін

айырбасталатын қарыздарды ғана емес, сонымен қатар АХҚО заңдары шеңберінде қолдануға болатын басқа да құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді

Біздің алаңда қазір тіркелген стартаптар әрі қарай қаржыландыруды қажет етеді. Олар венчурлық қорларды іздейді, ал біз жаңа сауда-саттық раундтарын құрылымдауға қолдау көрсете аламыз. Quest Ventures Қазақстанға келген сәттен бастап жасалған барлық іс АХҚО-ның өзін басқа сингапурлық, делавэрлік юрисдикцияларға балама ретінде танытуына толық жол ашады. Осылайша, қазақстандық қана емес, жақын шетелдік өңірлік стартаптар да АХҚО-ға келіп, тіркеліп, өз мәмілелерін біздің юрисдикциямызда құрылымдай алады.

— Неліктен Quest Ventures-пен ынтымақтасуға шешім қабылдадыңыздар және  KDA стартап-финалистеріне инвестициялық мәмілені құрылымдау, сонымен қатар АХҚО алаңында тіркеу туралы шарт қойыла ма?

– Біз басқа венчурлық қорлармен ынтымақтасуға дайынбыз, бірақ Quest Ventures-пен серіктестік –  біздің осындай ауқымдағы алғашқы кейсіміз. Сингапурда да ұқсас ережелер мен ойын ережелері қолданылады. Сондықтан Quest Ventures-ке біздің сайт басқа юрисдикцияларды іздеуден гөрі түсінікті және перспективалы болды.

Бұл жағдайда барлық пазл бір-біріне сай келді деп айтуға болады-АХҚО заң платформасы, Quest Ventures инвестор,  QazTech Ventures серіктес ретінде

KDA стартап-финалистері келесі раундтарда одан ары қарай да қаржыландыруды тарта беретін болса, оларға енді қандай да бір бюрократиялық кедергілерді еңсерудің немесе басқа юрисдикцияға бейімделудің қажеті болмайды. Шетелдік инвесторларға халықаралық стандарттар бойынша дамып келе жатқан компаниялардың құрылымы түсінікті.

Айтпақшы, біз KDA бағдарламасын іске асыру кезінде пайдаланған айырбасталатын қарыз, бұл сондай-ақ АХҚО инвесторларға да тартымды алаңға айналатын құралдардың бірі. Айырбасталатын қарыз инвестор мен жобаның негізін қалаушыға дамудың бастапқы кезеңінде  стартапты дұрыс бағаламау тәуекелін барынша азайтады, өйткені стартапты бағалауды келесі раундқа дейін кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Барлығы риза: инвестордың жобада үлесі бар, стартаптың негізін қалаушы – дамуға ақша, ал жобаның өзі – қарқынды өсуге мүмкіндік алады.

Экспорттық технологияның мүмкіндіктері

Бағдарламаны ұйымдастырушылар қаржыландыру және одан әрі қолдау мақсатында таңдап алған KDA-ның 10 финалисті өздерінің стартаптарын цифрлық технологиялардың 5 саласында: білім беру (Aero, Okoo, Qlang командалары), медицина және денсаулық (Cerebra командалары, 1fit), агроинновациялар (Egistic командасы), қолма-қол ақшасыз төлемдер (Smart Gas командасы) және бөлшек саудада (Campeat, Retail Analytica, AparX командалары)  іске асырады.

 

Әр команданың өзінің жетістікке жету тарихы бар. Мысалы, Qlang онлайн білім беру мектебінің негізін қалаушы Константин Орлов өз бизнесін осыдан екі жыл бұрын Алматыда қазақ тілін оқыту орталығын ашудан бастаған. Константиннің командасы әзірленген тілді үйрену әдістемесі тез арада сұранысқа ие болып, Нұр-Сұлтаннан да осындай орталық ашты. Қол жеткізген нәтижелерге тоқталмай, команда қашықтықтан оқыту бойынша өз платформасын әзірледі және қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де оқыта бастады. Константин Орловтың айтуынша, оның жобасы KDA акселераторлық бағдарламасына кездейсоқ түскен.

— Біз жазда онлайн-білім беру саласындағы технологиялық шешімдерге арналған онлайн-форумдардың біріне қатыстық. Презентация көрсетіп, өнімізді таныстырдық, кейін форумның қазылар алқасының бірі Қазақстанда басталатын KDA бағдарламасына қатысуды ұсынды. Бұрын мұндай бағдарламаларға аса сенбейтін едік, бірақ бұл бізді қызықтырды. Іріктеудің бірнеше кезеңінен өтіп, финалға кірген 10 стартап арасына ендік. Енді KDA-ға қатыса отырып, біз бағдарламаның біздің даму кезеңімізде қаншалықты пайдалы және қажетті екенін көріп отырмыз.

— Компанияны АХҚО алаңында тіркедіңіздер ме? Тіркеу процесі туралы айтып беріңізші?

— Компанияны АХҚО алаңында тіркеу инвестиция алу және бағдарламаға одан әрі қатысу шарттарының бірі болды. АХҚО юрисдикциясы біздің компанияны шетелдік инвесторларға аса қызықты етеді.

АХҚО алаңында тіркелу өте қарапайым. Бірнеше сағат ішінде біз өтініш беріп, KDA-ға қатысуға және заңды тіркеуге мүмкіндік беретін құжаттар пакетін жинадық

Бірнеше күн күткеннен кейін компанияны АХҚО-да тіркеу туралы анықтама дайын болды. АХҚО-да тіркелудің арқасында өз әлеуетімізді шетелге экспорттаудың жаңа мүмкіндігіне қол жеткіздік.

— Сіздердің алдағы жоспарларыңыз қандай?

— Әрине, алға дамығанымызды көрсетіп, бірлесіп өсу және басқа нарықтарға шығу үшін біздің стартапқа инвесторлар тартқымыз келеді. Бірінші кезеңде бізді Оңтүстік-Шығыс Азия қызықтырады, өйткені KDA ұйымдастырушыларының бірі сингапурлық Quest Ventures Global Pte. Ltd венчурлық қорының өкілдігі болды.  Біз барлық мүмкіндікті пайдаланып, шетелдік нарықтарда қазақстандық сервистер бәсекеге қабілетті және басқа елдердегі клиенттер үшін қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді.

Аймақтық көшбасшыға үміткер

АХҚО қолдауымен мінсіз іске асқан KDA акселераторлық бағдарламасына Сингапурлық Quest Ventures Global Pte. Ltd венчурлық қорының бас офисі оң бағасын берді. Қазақстандағы өкілдіктің инвестициялық директоры Әнуар Сейфуллиннің айтуынша, қор АХҚО-ны өңірдегі өзінің дамуының өңірлік хабы ретінде қарастырады.

— Біз масштабталатын, жаңғыртылатын және ірі интернет-қоғамдастықтарда жұмыс істейтін цифрлық экономикасы бар компанияларға инвестиция саламыз. Қазіргі уақытта бізде KDA компаниясын қоса алғанда, 60-тан астам портфельдік компания бар. Олар 150-ден астам қалада жұмыс істейді және оларда 4,5 мыңға жуық қызметкер бар. Біз негізінен Азияда жұмыс істейміз.

Енді біз Қазақстанға келіп, оны Орталық Азия өңіріндегі жұмысымыздың негізгі хабы ретінде көреміз

АХҚО-мен бірлескен жұмысты жергілікті стартаптарды акселерациялау бағдарламасын іске асырудан бастадық. Ол осы жобаларды дамытуға және олардың халықаралық нарықтарға шығуына бағытталған. Бағдарлама аясында стартаптар тәлімгерлік және білім саласында өте үлкен қолдау алады, сондай-ақ 50 мың доллар көлемінде инвестицияға ие болады.

— KDA бағдарламасы мен  Quest Ventures серіктестігіндегі АХҚО-ның рөлі қандай?

— АХҚО бізге АХҚО юрисдикциясы шеңберінде компанияларымыз бен инвестицияларымызды құрылымдауда қолдау көрсетеді және кеңес береді. Біздің барлық компаниямыз АХҚО резиденттері, яғни ағылшын құқығы шеңберінде тіркелгенін атап өткім келеді. Біз  әлемдік тәжірибеге сәйкес классикалық айырбасталатын қарыз түріндегі осындай бағдарламаларға инвестиция саламыз, біз оларды АХҚО юрисдикциясы шеңберінде құрылымдадық. Неліктен АХҚО? Өйткені ол ағылшын құқығы қағидатына сай жұмыс істейді.

Сондықтан біз KDA бағдарламасының жобаларына ғана емес, сонымен қатар инвестиция тартуды жоспарлап отырған кемелденген компанияларға да инвестиция салуға ниеттіміз

Біз оларға 500 мың доллардан бастап инвестиция салу мүмкіндігін қарастырамыз.

АХҚО-мен ынтымақтастыққа келетін болсақ, алдағы уақытта біз венчурлік экожүйені дамытуда бір-бірімізге екі жақты көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Кейде біз өз кеңесімізді берсек, кейде бізге АХҚО-ның қолдауы қажет болады.

Жеке венчурлік инвесторлардың инвестициялау мүмкіндігін қарастырасыздар ма?

— Біз бірнеше ынтымақтастық түрін талқылауға дайынбыз. Тек бірлескен инвестицияны құптаймыз. Сондықтан секторды дамыту қажет, ондағы ойыншылар неғұрлым көп болса, экожүйеге соғұрлым пайдалы болады. Осы себепті де Қазақстанға Quest Ventures Global Pte. Ltd-ның келуі бұл дұрыс шешім болды деп ойлаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз