Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

«Ағайынды төртеу» мафиясының жетекшісі сот алдында шатақ шығарды (видео)

https://kaz.365info.kz/ashyp-korsetti-zhelide-ekinshi-bajzakhova-pajda-bopty-18-326090

«Ағайынды төртеу» деген лақап атпен елге әйгілі  қылмыстық  топ серкелері осыдан екі жыл бұрын арнайы операция арқылы ұсталған еді. Жат ағымның жетегінде жүрген олар бірнеше жыл бойы Ақтөбе облысында  мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан. 26 адамнан тұратын қылмыстық топқа Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті  бастығының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов қолдау көрсеткен. Бүгін ол да 5 жыл үш айға сотталып, полковник шенінен айырылды. Ал қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасардың анасы, әлбетте ұлының жазықсыз сотталып кеткеніне сенімді. Анасының баласын қандай болса да қорғайтыны мәлім ғой.

“Бұл Ақтөбенің спорты, 20 жыл болмаған спортты бірінші орынға көтерді. Олимпиадаға апарды. Шет елден адам әкелді. Сол ешкімге жақпай қалды”, деді Еркін Ізбасардың анасы.

Ұйымдасқан топтың  бір мүшесі қылмыс жасау мерзімінің өтіп кетуіне байланысты сот залынан босатылды. Қылмыстық топтағы қалған адамдар 3 жылдан 11 жылға дейін жаза арқалады.  Мұнай ұрлығына қатысты атышулы іс мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Топтың басшысы Еркін Ізбасардың деп апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.

https://kaz.365info.kz/ylym-keshirshi-oz-balasyn-taspen-yryp-tal-tybine-tastap-ketken-ake-sot-zalynda-zhylap-zhiberdi-326087

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз