Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

“Аға сұлтан сыйлаған…”. Атақты Сегіз серінің шекпені табылды (фото)

221

Мамандардың айтуынша, бұл шекпенді 1846 жылы Аға сұлтан болған Ерден Сандыбайұлы Сегіз серіге сыйға тартқан екен. Кейін уақыт өте келе, Мұхамедқанапия Баһрамұлы оны Қарағанды облысындағы өзінің жан жолдасы Жиенәлі Досқожаұлының иығына жауыпты. Содан бері оның ұрпағы құнды дүниені көздің қарашығындай сақтап келген.

170 жылға жуық уақыт өтсе де, түйе жүнінен тоқылған жәдігер қаз қалпында.

Ахметжан Қуантаев, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

– Бұл жәдігердің құны ерекше. Сегіз серінің иығында болған, иісі сіңген дүние. Сондықтан биыл серінің 200 жылдығын атап өту аясында бұл бағасы жетпейтін сыйлық деуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз