Қаңғыбас иттердің арасында беймәлім мақұлық жүр.
Дене бітімі адамдікі сияқты, бірақ иттермен бірге жортып жүр, иттер де оны өздері сияқты ит деп қабылдайтын көрінеді.
Оңтүстік Африка Республикасында түсірілген бұл видео Интернетке шығып кеткеннен кейін жергілікті тұрғын бұл құбылыстың сырын түсіндіріп берді.
Иттермен бірге жүрген – 19 жастағы Филипп Олифант есімді азамат екен. Ол жүйке ауруына шалдыққан. Иттерді қатты жақсы көретіндіктен, сөйтіп жүреді деседі.
Видео VK-дағы “Атамның басы-ай” тобында қызу талқылануда.