Қазақстанда Атом электр станциясын салу бойынша референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды. «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры 2024 жылғы 6 қазанда өткен АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні exit poll (референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама) өткізді.
«Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қалай жауап бергені сұралды. Бұл ретте, exit poll нәтижесінде АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызы. Сауалнамаға қатысқандардың30,2 пайызы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелді», – деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.
Cонымен қатар қоғамдық саясат институтының Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.
«Қоғамдық саясат институты барлық өңірде экзит-пул өткізді. Сауалнама барысында 600-жен астам интервьюер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Экзит-пулға 44 160 азамат қатысты, сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды», – деп атап өтті Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Медет Өмірзақов.