Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Адвокаттары Қуандық Бишімбаевқа жала жабылғанын мәлімдеді

Бірақ, қорғаушылар мұнымен келіспей отыр. Негізі Бишімбаетвың үш адвокаты бар. Біреуі шулы іс бойынша ақпарат таратпау туралы келісімге қол қойғандықтан, тек екеуі ғана экс-министрді сүттен ақ судан таза етіп көрсетуге тырысты. Сондағы айтқандары Қуандық Бишімбаев кінәсіз. Яғни, оған әлдекімдер жала жапқан.

“Парамен ұсталған лауазымды қызметкерлер бар. Солар Бишімбаевқа жала жауып отыр. Осы арқылы сол күдіктілер өздерінің жазасын жеңілдетіп, реті келсе түрмеден сытылып кеткісі келіп отыр”, – деді Қ.Бишімбаевтың адвокаты Мәди Мырзағараев.

Бірақ, осылай деген адвокаттар ешкімнің атын атап, түсін түстеген жоқ. Барлығын сотта жария етеміз деп отыр. Ал, Бишімбаев қамауға алынбай тұрып, осы іс бойынша оның қоластындағылары ұсталғаны белгілі. Ол “Бәйтерек DEVELOPMENT”-тің бұрыңғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев, мәжілісмен Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов, атқарушы директорлар Бауыржан Әйтімбетов пен Ғазиз Сариев 288 миллион теңге парамен ұсталған. Бишімбаевқа жала жапты деген адвокаттар осыларды меңзеген болуы әбден мүмкін. Бұлар қазір экс-министрмен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша үй салуға құрылыс компанияларына тендерді ұтып бергені үшін ауызбастырық алды деп айыпталуда.

Адвокаттар мұны да жоққа шығарды. Айтуларынша, бұл ешқандай да мемлекетке келтірілген шығынның өтеуі емес. Яғни, бұл ақшаны мемлекетке еліміздегі банктердің бірі өтемақы ретінде төлеген дейді. Өйткені, осы банк Қызылордадағы шыны зауытының салынуына кепіл болған екен. Іс аяқсыз қалған соң сол кепіл бергендер шығынды да өтепті. Бір айта кетерлігі, Ұлттық бюро пара алып, бюджет ақшасын жымқырды деп шатылып жатқан экс-миинстр ұрланған ақшаға жер алып, Қосшы ауылында зәулім коттедждер тұрғызған деген еді. Бишімбаевқа шаң жуытпаған адвокаттар мұны да жуып-шайды.

“Ол біріншіден үй емес ағаштан салынып жатқан құрылыс қана. Оның кімдікі екенін дәлдемесін сотта ұсынамыз. Бишімбаевтың атында жолдасының атында Алматыда бір жарым бөлмелі үй мен Астанада отбасы тұрып жатқан үй ғана бар. Басқа дүние-мүлік Бишімбаевтың атында жоқ”, – деді адвокат.

Бірақ, Бишімбаевтың қылмыстық іске қатысы бар жоғын сот келесі сейсенбіден бастап анықтауы тиіс. 350 томнан тұратын атышулы іс қазір сотқа жетіп, судьялар материалмен танысуда. Ал, айыпталушы орынында Бишімбаев бастаған бас аяғы 23 адам. Олардың 20-сы кінәларын мойындаған. Жыл басынан бері қамауда отырған экс министр болса тағылған айыптармен келіспей отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз