Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Адилям Ушурова қазақтардан жыламсырап кешірім сұрады (видео)

663

Өткен аптаның соңында Адилям Ушурова атты қолданушының атынан қазақтардың ар-намысына тиетін пікір жазылған скриншот желіде тарап кеткен еді. Бүтін бір ұлтты “мамбеттер” деп кемсіткен, “сендерді тауға қуып жіберіп, малдың тезегін жегізу керек” деген сөздер қоғамда қатты талқыланды.

«Мен, Ушурова Адилям. Қазақстан азаматтары! Мені түсінулеріңізді сұраймын! Мен ол пікірді жазған жоқпын. Біреу менің аккаунтымды бұзып кіріп, жоқтан өзгені жазыпты. Оны мен жазған жоқпын. Мен қалай жазамын? Күйеу балам – қазақ, жеңгем, құдашам – бәрі қазақ. Қазақтардың арасында жұмыс істеймін.

Мен егде жастағы әйелмін. Сіздер қалайша соны мен жазды деп ойлайсыздар? Маған тіл тигізіп, қорқытып, фотосуреттерімді жан-жаққа тараттыңыздар. Бірақ оны мен істемедім. Немерелерім қазақша сөйлейді. Халайық, мені кешіріңіздер! Мен қалай сіздерге ақтала аламын? Туыстарым мен достарым да маған: “Сен не жазғансың?”, — деп жатыр. Ондай былжырақты жазатын мен соншалықты ақымақпын ба? Егер шынымен жазғым келсе, бірінші кезекте туыстарымның – немерелерімнің, әке-шешемнің суретін өшірер едім.

Қазақстан халқы! Бұл – менің ісім емес. Біреу аккаунтымды бұзған. Қалай түсінсеңіздер, олай түсініңіздер. Соны жазбағаным үшін мені кешіріңіздер», — деді Адилям Ушурова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз