Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әділет министрлігінде біраз былықтың беті ашылды

Елордадағы  Әділет департаменті басшысының орынбасары мен басқарма басшысы «Астана қалалық жарық» компаниясының  бұғатталған шотын  ашып беру  үшін  22 миллион теңге пара сұраған. Астаналық шенеуніктер 12 жылға бас бостандығынан айырылады немесе әрқайсы 770 миллион  теңгеден айыппұл төлеуі мүмкін. Ауызбастырық алудан аймақтар да қалыспайды. Өңірлерде анықтама, мүлікті тіркеу, азаматты әскерден алып қалу, кәсіппен айналысуға  рұқсат, сот сараптамасы үшін 20 мың теңгеден бастап 3 миллионға дейін  талап етеді. Егер тұрғындар шенеуніктің пара  дәметіп тұрғанын бірден түсіне қоймаса, қажеті жоқ құжаттар сұрап  адамды сандалтып қояды екен.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз