Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әділдік үшін өзін өртеген прокурор әйел 3,5 жылға сотталды

Смадиярованың мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ, ол өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметке араласу құқынан айрылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылдың көктемінде Лейла Смадиярова басшылықтың тапсырмасын орындай отырып, әйелдер түрмесіндегі материалдық-тұрмыстық жағдайды және әлеуметтік қамту мәселесін тексерген. Сотталушы әйелдерді сұрақ-жауапқа тарту барысында ол 2011 жылдан бері түрмедегі әйелдерге гигиеналық заттардың түгел берілмейтінін, салдарынан 1,4 миллион теңге шығын келгенін анықтаған. Тексеру жүргізіп болғаннан кейін Смадиярова заңсыздыққа көз жұма қарау үшін түрме басшысының орынбасарынан 2 миллион теңге талап етіпті.

Сот басталғанған дейін Лейла Смадиярова үйқамақта ұсталған. 31 қаңтар күні ол Атырау облыстық прокуратурасы ғимаратының алдына барып, өзін өртеп жіберді. Осылайша экс-прокурор өзінің кінәлі еместігін дәлелдемек болыпты.

“Егер мен пара алсам, демек әйелдер түрмесінің қызметкерлері пара берушілер. Неге оларды жазаламайды?”, – деді Л.Смадиярова ауруханада жатқан кездегі сұхбатында.

Айта кетейік, Л.Смадиярованың 11 жасар қызы мен 8 айлық ұлы бар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз